Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 2:49
      Аймақ 07.06.2017, 16:44 0 пікір 343 просмотров

      Атырауда алтын құймалары сатыла бастады

      Атырауда 5 маусымнан бастап алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Атырау филиалының директоры Айнұр Көшербаева бағдарлама туралы толық мағлұмат берген еді.


      Оның айтуынша, осы бағдарлама негізінде алтын  құймаларды тез сатып алуға және сатуға  болады. Ал, Қазақстан теңге сарайында дайындалған және салмағы 10, 20, 50, 100 грамм болатын алтын құймалар -  ақша жинаудың қарапайым және түсінікті құралдары екен. Алтын құймалар ауқымды филиалдық желісі бар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылуда. Бүгінгі күні бағдарламаға Қазақстан Халық банкі мен Еуразиялық банк қатысуға ниет білдіріп отыр. Ал бұл жоба әзірге Астана, Алматы, Өскемен және Атырау қалаларында жүзеге асып отыр.

      -Ескерер мәселе, алтын құймалардың түпкілікті құнын банктер ресми баға белгілеулерін және өз маржаларын саралай отырып, дербес белгілейтін болады. Ал Ұлттық Банк әлем нарығындағы алтын бағасына және теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамына қарай күн сайын алтын құймалардың құнын жариялап отыруды жоспарлаған.Алтын құймалар арнайы қорғаныш  вакуумды орауда шығарылады. Ол бірегей қорғаныш элементі болып табылады.  Ораудың бүтіндігі алтын құйманы ұсынған кезде банк оны қандай да бір ұзақ сараптамасыз сатып алуға міндетті болатынын білдіреді. Алайда, егер орауды ашқыңыз және алтынды «қолмен ұстағыңыз келсе», онда құйманың құны өзгермейді. Тек, банк бұл құйманы инкассоға қабылдайды, яғни Ұлттық Банк сараптама жүргізгеннен кейін ғана сізбен есеп айырысады. Ал бұл ұзақ уақытты және қосымша комиссияны төлеуді талап етеді», - дейді филиал директоры. Қазіргі  алтын құймалардың бағасы да белгілі. Яғни,   10 грамм үшін – 127 мың теңгені, 20 грамм – 254 мың теңгені, 50 грамм – 636 мың теңгені, 100 грамм – 1 млн. 270 мың теңгені құрайды. Бұл алтын құймалардың шикізатынан бастап түпкілікті өніміне дейін тек қазақстандық болғандықтан, ҚР Ұлттық Банкі алтын құймаларының «төрт тоғыздық» сынамалы жоғары сапасына кепілдік беріп отыр. Бірақ, А.Көшербаева алтын құймаларды сатып алуда әлем нарығында алтын құнының өзгеруі мен ұлттық валюта бағамының өзгеру тәуекелдері бар екенін жасырмады.Демек, алтынның құны ұлғаюы да, төмендеуі де әбден мүмкін. 


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___       _____   _    _    __   __  
       |__  //    / _ \\    / ___// | || | ||  \ \\/ // 
         / //    | / \ ||   \___ \\ | || | ||   \   //  
        / //__   | \_/ ||   /    // | \\_/ ||   / . \\  
       /_____||   \___//   /____//   \____//   /_//\_\\ 
       `-----`    `---`   `-----`     `---`    `-`  --` 
                                                        
      
       
      Наверх