Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 4:51
      Аймақ 20.06.2017, 15:37 0 пікір 272 просмотров

      Шот ашқан кезде мөр талап етілмейді

       ҚР Ұлттық Банкінің Атырау облысы бойынша филиалы Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі позициясын жақсарту жөніндегі шараларды  іске асыра бастады.


      Атап айтқанда, мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, өз кезегінде, заңнамаларды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар  «Кредиттер алу», «Миноритарлық инвесторларды қорғау»  және «Кәсіпорындар ашу» индикаторларына қатысты ақпараттық-түсіндіру шараларын жүзеге асырып отыр. Осыған байланысты ҚР Ұлттық Банкінің филиалында Атырау облысы бойынша Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі позицияны жақсарту жөніндегі жұмыс жоспары жасақталып бекітілді. Жоспарға сәйкес, жақында ҚР Ұлттық Банкі филиалы ғимаратында клиенттердің банкте шот ашу кезінде мөрді талап етудің күшін жою мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Әділет департаменті және екінші деңгейдегі банк филиалдары өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыста ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының директоры Айнұр Мейірбекқызы Көшербаева клиенттердің банкте шот ашу кезінде мөрді талап етудің күшін жою мәселесі тақырыбында баяндама жасады. Аталған мәселеге қатысты түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берілді. «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы Экономикалық талдау және статистика бөлімінің хабарлауынша, жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында қолға алынған «Doing Business» рейтингіндегі позицияны жақсарту жөніндегі жасақталған жоспар бойынша түсіндіру жұмыстары жыл бойына жалғасын таба бермек.

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  _____     _  _     _____     ____    
        ____     |  ___||  | \| ||  |  ___||  |  _ \\  
       |    \\   | ||__    |  ' ||  | ||__    | |_| || 
       | [] ||   | ||__    | .  ||  | ||__    | .  //  
       |  __//   |_____||  |_|\_||  |_____||  |_|\_\\  
       |_|`-`    `-----`   `-` -`   `-----`   `-` --`  
       `-`                                             
      
       
      Наверх