Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 12:30
      Аймақ 21.06.2017, 15:58 0 пікір 331 просмотров

      Инватакси көлігін тарту етті

      Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) компаниясы Медицина қызметкерлерінің күніне орай Мақат мүгедектер қоғамына, Атырау қаласындағы Геолог емханасына және «Болашақ К» қоғамдық қорына медициналық көлік құралдарын табыс етті.


       

      НКОК өкілдері алдымен Мақаттағы жергілікті мүгедектер қоғамына мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған ГАЗ 32212 автокөлігін салтанатты түрде табыс етті. Ол көлік қажетті барлық құрылғылармен, атап айтқанда мүгедек арбасын көтеретін, басқару пульті бар электргидрокөтергімен, жылу сақтау және шудан оқшау материалдарымен, мүгедек арбасына арналған арнайы басқышпен,тұтқалармен және бекітпелермен жарақталған. Содан кейін компания өкілдері Атыраудағы Геолог емханасына тұрғындарға қызмет көрсету үшін ГАЗ 322173-344 автокөлігін, сондай-ақ,  «Болашақ К» қоғамдық қорына мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған көлікті сыйлады. Бұл арнайы көлік те өздігінен жүріп-тұруы қиын адамдардың анағұрлым оңтайлы қозғалуына және ыңғайсыздықтардан арылуына мүмкіндік бермек. Осындай жандарға қуаныш сыйлаған шарада сөз алған НКОК Мемлекеттік органдармен қарым-қатынас және сыртқы байланыс жөніндегі менеджері Серік Идранов:

      - «Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісім шеңберінде «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.» компаниясы оператор ретінде өзі қызмет жүргізетін жерлердің тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсетуге міндеттеме алды. Бұл міндеттеме басқа шаралармен қатар жаңа ғимараттар салуды, елді мекендерге су құбырлары мен газ құбырларын тартуды көздейтін ауқымды инвестициялар бағдарламасын, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды  және демеушілік және қайырымдылық  жобаларын жүзеге асыру арқылы орындалуда. Осы жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін көтеру мақсатындағы бағдарламалардың негізгі бағыттары - денсаулық сақтау, білім беру салалары, мәдени бастамалар және инфрақұрылым нысандары. Сонымен қатар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды жабдықтармен және техника құралдарымен жабдықтау, мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды жиһазбен жабдықтау және техникалық жарақтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр, - деп атап өтті. Айта кетейік, осы жылы  компания тарапынан Атырау облысында 25-тен астам демеушілік және қайырымдылық  жобасын іске асыру жоспарланып отыр.


       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    ______   _    _    _    _     _  __  
       /_   _//  /_   _// | |  | || | || | ||  | |/ // 
       `-| |,-    -| ||-  | |/\| || | || | ||  | ' //  
         | ||     _| ||_  |  /\  || | \\_/ ||  | . \\  
         |_||    /_____// |_// \_||  \____//   |_|\_\\ 
         `-`'    `-----`  `-`   `-`   `---`    `-` --` 
                                                       
      
       
      Наверх