Новости Атырау - Мунайлы Астана

    20 октябрь 2017, 13:01
      Қоғам 21.06.2017, 16:04 0 пікір 328 просмотров

      Лагерьде қауіпсіздік күні өтті

      Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы жыл сайын жазғы лагерьлерде Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірлесіп,ақпараттық үгіт-насихат шаралары арқылы демалушы балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп келеді. Осындай шара жақында  «Тұлпар» жазғы сауықтыру лагерінде өтті.


      Департаменттің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының халықты ақпараттандыру және оқыту тобының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны А. Камалов:

      - Балаларға қауіпсіздік ережелерін, әсіресе жазғы демалыстары кезінде үйрету өте маңызды. Өйткені, олар бос уақытты тиімді пайдаланғылары келеді.Бұл лагерьдегі демалушы балалар саны 250, олар 7 жасаққа бөлініп, өрттен, судан және өзге де төтенше жағдайдан қалай сақтану керектігін үйреніп, балалардың жарақаттануының алдын алу тәртібімен танысты.Алдымен балалардың отпен ойнау салдарынан орын алатын өрттерді алдын алумен байланысты тәрбие жұмысымен басталды. Арнайы түсірілген бейнеролик  көрсетіліп, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен және оны кию тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ кездесу барысында балалар өрт сөндіргіш құралдары туралы мағлұмат алып, оны қалай қолдану керектігін көрді. Кейін балаларға суда құтқарушылардың  құтқару құралдарымен және сүңгуірдің киімі таныстырылып, Апаттар медицинасы орталығының дәрігері М. Есенов зардап шегушіге  алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетті,- дейді. Бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша мұндай шаралар қызықты ойындармен жалғасын табады. Балаларды «Шаңырақ», «Жас қыран», «Көңілді жаз», «Тұлпар» және «Достық» деп аталған бес топқа бөліп, эстафета түрінде жарыс өткізілді. Эстафета кезінде өрт қауіпсіздігі тақырыбында асфальт және қағаз бетінде сурет салу байқауы да ұйымдастырылды. Байқау қорытындысымен жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталып, шара соңы концертке ұласты.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __     ___      ______    ______    ______  
       | |/ //   / _ \\   /_   _//  /_   _//  /_____// 
       | ' //   / //\ \\  `-| |,-    -| ||-   `____ `  
       | . \\  |  ___  ||   | ||     _| ||_   /___//   
       |_|\_\\ |_||  |_||   |_||    /_____//  `__ `    
       `-` --` `-`   `-`    `-`'    `-----`   /_//     
                                              `-`      
      
       
      Наверх