Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 3:58
      Қоғам 21.06.2017, 16:32 0 пікір 361 просмотров

      Өзгеге өмір сыйлау – өзіңе құрмет көрсетумен тең

       Биыл Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Полиция құрылымдарының құрылғанына - 25 жыл!  Осы айтулы датаға орай түрлі іс-шаралар өткізілуде.


      Соның бірі  - Дүниежүзілік  донор күніне байланысты Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесі қызметкерлері «Қан тазалығы - денсаулық негізі» тақырыбында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мекеме қызметкерлері акцияны қолдап, өз еріктерімен қан тапсыру орталығынан тексерістен өтіп, денсаулығы жарамды деп танылғандар қан тапсырып, ауыр жағдайда жатқан науқастарға көмек қолын созды. УГ-157/11 мекемесінің  әділет капитаны Э.Көптілеуова:

      -Бұл акцияның мақсаты - қан тапшылығына зәру науқастарға аз да болса біздің тарапымыздан көмек беру болатын. Қан ауыр жарақат алған немесе сынған, күйген,  тағы басқа да қан қажет еткен адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажет. Өз еріктерімен адами тұрғыда игі іс жасап жатқан мекеме қызметкерлеріне донорлық үлестері үшін Қан тапсыру орталығының басшылығы ризашылығын білдірді, - дейді. Аталған мекеме қызметкерлері алдағы уақытта да, талай жанның өмірін сақтап, науқастардың денсаулықтарын түзеуге үлкен үлесін тигізетін мұндай қайырымдылық шарасын жалғастырамыз деп отыр.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  ______             __   __   ______   
          ___    /_   _//   ____     \ \\/ // |      \\ 
         /   ||   -| ||-   |    \\    \ ` //  |  --  // 
        | [] ||   _| ||_   | [] ||     | ||   |  --  \\ 
         \__ ||  /_____//  |  __//     |_||   |______// 
          -|_||  `-----`   |_|`-`      `-`'   `------`  
           `-`             `-`                          
      
       
      Наверх