Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 11:36
      Қоғам 28.06.2017, 15:09 0 пікір 240 просмотров

      Атырау облысының сотында жаңа тағайындаулар

      Атырауда облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов сот корпусына жаңадан тағайындалған Атырау облыстық сотының сот алқасының төрағасын, сонымен қатар, облыстық соттың судьясы мен аудандық соттың төрағасын таныстырды.


      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына Шығыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасы төрағасы лауазымынан босатылған Комиршинов Манат Ғалымұлы тағайындалды. Осы жарлықпен Атырау облыстық сотының судьясы лауазымына бұрын Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымында болған Хасан Сағат Қаламғалиұлы тағайындалды. Атырау облысының Жылыой аудандық сотының төрағасы лауазымына бұрын Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымында болған Жұмабаев Болатбек Бақтығалиұлы тағайындалды. Арнайы таныстырудың соңында облыстық сот төрағасы барлық жаңадан тағайындалған судьяларға табыс тілеп, ең басты тапсырма – сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеруге жұмыстану екендігін нақты атап көрсетті.
       Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______     _____     ___      _  _   
      | |  | ||  /_   _//   / ___//   / _ \\   | \| || 
      | |/\| ||   -| ||-    \___ \\  | / \ ||  |  ' || 
      |  /\  ||   _| ||_    /    //  | \_/ ||  | .  || 
      |_// \_||  /_____//  /____//    \___//   |_|\_|| 
      `-`   `-`  `-----`  `-----`     `---`    `-` -`  
                                                       
      
       
      Наверх