Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 18:02
      Экономика 28.06.2017, 16:12 0 пікір 426 просмотров

      ҚР Ұлттық Банкі талантты жас мамандарды іздейді

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі талантты жас мамандарды іздестіру бойынша кезекті науқанның басталғаны туралы хабарлайды.


      Ұлттық Банк жоғары оқу орындарының талантты түлектерін және экономикалық-қаржылық салада ғана емес, сол сияқты басқа да маңызды бағыттар: IT-саласының мамандары (жүйе талдаушылары мен архитекторлар), құрылыс саласындағы инженерлер, заңгерлер, кадр қызметтері қызметкерлері және т.б.  салаларда жұмыс тәжірибесі бар мамандарды тарту жөнінде тұрақты жұмыс жүргізуде. Өткен науқанның нәтижесі табысты болды. 960 қатысушының ішінен 48-і бойынша оң шешім қабылданды. Ең үздіктерді таңдау кезеңдік тәсіл жолымен қамтамасыз етіледі. Үміткерлерге резюме, эссе ұсынып, психологиялық тестілеуден және құрылымдық бөлімшелердегі, бөлімшелердің басшыларымен, сондай-ақ Ұлттық Банк басшылығымен әңгімелесуден тұратын бірнеше деңгейлі іріктеуден өту ұсынылады. Сондай-ақ, үміткерлерді таңдау кезінде біліктілік деңгейінің жоғары болуы, жақсы білімі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржылық және тіл білу сертификаттарының болуы, сондай-ақ үміткердің әлеуеті негізгі өлшемшарттар болады.  Науқанға қатысу үшін осы жылғы 5 маусым – 5 шілде аралығында Ұлттық Банктің ресми сайтында (www.nationalbank.kz, «Ұлттық Банк туралы» бөлімі/«Бос орындар»/ «Түйіндеме» кіші бөлімі) орналасқан «Түйіндеменің» электрондық нұсқасын толтырып, резюме файлын талаптарға сәйкес сақтау және HR@nationalbank.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Сонымен бірге, іріктеу кезеңдері туралы ақпаратты, сондай-ақ Ұлттық Банктің қызметіне байланысты, оның ішінде жұмысқа орналасуға байланысты кез келген сұрақтарға жауаптарды «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы алуға болады. Пайдалануда өте ыңғайлы осы интерфесті App Store және Play Market көмегімен де орнатуға болады. Ал, резюме және эссе қорытындысы бойынша іріктелген үміткерлер олардың резюмесінде көрсетілген электрондық поштасы немесе телефоны бойынша не «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы тестілеуге және әңгімелесуге шақырылады.
      Гүлзада Қожабергенқызы



      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____      ______    ______    _____     _____   
      |  __ \\   /_   _//  /_____//  |  ___||  / ____|| 
      | |  \ ||   -| ||-   `____ `   | ||__   / //---`' 
      | |__/ ||   _| ||_   /___//    | ||__   \ \\___   
      |_____//   /_____//  `__ `     |_____||  \_____|| 
       -----`    `-----`   /_//      `-----`    `----`  
                           `-`                          
      
       
      Наверх