Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:58
      Экономика 29.06.2017, 15:04 0 пікір 362 просмотров

      1 шілдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі

      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады.


      Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9 пайызға арттырылғанын ескере отырып, 11 пайызға көбейетін болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7 пайызға арттырылғанын ескере отырып, 13 пайызға  өседі.   Елбасының  Жолдауына сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өседі.  2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері      20 пайызға дейін көтеріледі. Мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың  1 шілдесінен бастап 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Салыстырма түрде 2016 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 37789 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемдері биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 14 466 теңгені құрайды, ал  зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 66 676 теңгеге дейін артады. Зейнетақы төлемдері барлық есепте тұрған зейнеткерлерге қайта есептеледі. Бұл ретте, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Сондай-ақ, ана мен баланы қолдау бойынша мемлекеттік саясат шеңберінде 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері  20 пайызға ұлғаяды. Бірінші, екінші және үшінші балаға жәрдемақы сомасы 38 АЕК немесе  86 222 теңгені, төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 142 947 теңгені құрайды.  Сондай-ақ, жұмыс берушілерге Қазақстанда 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылмақ.  Азаматтарға арналған үкімет осы жүйе шеңберінде аударым және жарналарды қабылдауға шот ашылғанын хабарлады..
      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __   _    _                ___      _____   
       \ \\/ // | || | ||     ___     / _ \\   |__  //  
        \   //  | || | ||    /   ||  | / \ ||    / //   
        / . \\  | \\_/ ||   | [] ||  | \_/ ||   / //__  
       /_//\_\\  \____//     \__ ||   \___//   /_____|| 
       `-`  --`   `---`       -|_||   `---`    `-----`  
                               `-`                      
      
       
      Наверх