Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 6:23
      Қоғам 29.06.2017, 15:20 0 пікір 254 просмотров

      Бақылау - касса машиналарын пайдаланып жүрміз бе?

      Көлеңкелі экономикаға қарсы түйінді құралдың бірі - фискалдық деректі сатушыдан мемлекеттік кірістер органдарына «онлайн» режимінде беру екені белгілі.  Өйткені, фискалдық дерек мемлекеттегі қолма-қол ақша айналымының негізгі мәліметтері болып табылады. Соған орай еліміздің ішкі экономикасын бақылауы олардың қаншалықты  дұрыстығына байланысты болып отыр. Ал, фискалдық деректерді жасыру және бұрмалау көленкелі экономиканың негізгі құралы емес пе?


      Осы мақсатта салық заңнамасына өзгерістер енгізілген болатын.. Соған байланысты 2015 жылдың 1 шілдесінен мұнай өнімдерін және алкоголь өнімдерін сатушылар ақша арқылы  саудада деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану міндеттелді. Атырау қаласы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, 2015 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1129 қаулысымен қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау – касса машиналарын 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолдануды қамтамасыз етуге міндетті болатын жекеленген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілген. «Қазақтелеком» АҚ-мен фискалдық деректер операторына қосылуға техникалық мүмкіндігі бар деп  танылған салық төлеушілер осы ережені орындауға міндетті. Өйткені, мемлекеттік кірістер органдарының жаңа бақылау – касса машинасын қою талабы заңды шара.  Оны орындамаған жағдайда салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі  № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 284 – бабы 1 бөлімі бойынша сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Респубаликасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолданғаны үшін ескерту жасалады. Ал, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284 – бабы 2 бөлімінде, осы баптың 1-ші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан  кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын  кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын хабарлайды Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  _____     ______   __   __   ______   
          ___    |  ___||  /_____//  \ \\/ // |      \\ 
         /   ||  | ||__    `____ `    \ ` //  |  --  // 
        | [] ||  | ||__    /___//      | ||   |  --  \\ 
         \__ ||  |_____||  `__ `       |_||   |______// 
          -|_||  `-----`   /_//        `-`'   `------`  
           `-`             `-`                          
      
       
      Наверх