Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:59
      Қоғам 12.07.2017, 17:14 0 пікір 1201 просмотров

      Атыраулық блогер Сарайшық туралы айтты

      Атыраулық блогер Әлібек Науаров жеті хан жерленген Сарайшық жерінде жүргізілген экспедициялардың кезінде көптеген жәдігерлердің әкетілгенін айтты. Блогер бұл туралы Фэйсбуктегі парақшасында жазды.


      “Сарайшықта тəуелсіздік алғанға дейін неше экспедиция жүргізілді, қандай мақсатта, осылардың анықтығына көз жеткізіп құжаттарын көпшілікке таныстыру керек. Көрші елден де мамандар келіп қазба жұмыстарын жүргізіп көптеген жəдігерді алып елдеріне оралғанын көптің бір білсе бірі біле бермейді”, - дейді блогер. 

      Автордың айтуынша, экспедициялар кезінде әкетілген жәдігерлерді елге қайтаруды қолға алу қажет.

      “Əуел бастан экспедиция қалай басталды, қандай жағдайда? Бəрін тізбектеп бір документальды фильм түсіруді қолға алған жөн. Жəне көрші елге кеткен жəдігерлерді қайтаруға тырысқанымыз жақсы болар еді”, - дейді ол.

      Қазіргі таңда Жайық суы шайып бара жатқан қаланы сақтап қалу үшін өзеннің жағасы бекітіліп жатыр. Бұған дейін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бұл жобаға 1,5 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді. Жұмыс 2018 жылы аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, биыл Мәдениет және спорт министрлігі Сарайшықты қалпына келтіру үшін 100 миллион теңге бөлетінін хабарлады. Шаһардың орнын туристік орталыққа айналдыру жоспарланған.

      Көне қаланың орны Атырау қаласынан 45 шақырым жерде Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Алтын орданың саяси, экономикалық орталықтарының бірі болған қала Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы атанды. Жібек жолының бойында тұрған мұнда 7 хан жерленген. Олар: Мөңке, Тоқтағу, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Ших Мамай және Жүсіп хандар.


      МА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    __   __   __   _     _____     ______  
       / ____||  \ \\/ // | || | ||  |  ___||  /_   _// 
      / //---`'   \ ` //  | '--' ||  | ||__    `-| |,-  
      \ \\___      | ||   | .--. ||  | ||__      | ||   
       \_____||    |_||   |_|| |_||  |_____||    |_||   
        `----`     `-`'   `-`  `-`   `-----`     `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх