Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 октябрь 2017, 9:40
      Аймақ 12.07.2017, 17:17 0 пікір 1244 просмотров

      Мигранттар айыппұл төлеп жатыр

      Атырау облысында көші-қон заңының түрлі құқық бұзушылығы үшін 17,6 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифингте ІІД көші-қон полиция басқармасының басшысы Болат Досқалиев мәлімдеді.


       

      Оның айтуынша, Атырау өңіріне өткен жылы 28 мың, ал, биыл жыл басынан бері 6 ай  ішінде 64 мың шетелдік келген. Оның 4 мыңнан астамы алыс шетелден келсе, қалғаны ТМД елдерінің азаматтары. Әсіресе, көрші Өзбекстаннан келушілер қатары көп.

      -«Мигрант» жедел алдын алу шарасын және басқа да бірқатар рейдтер өткізу кезінде 3185 шетел азаматтарының көші-қон заңын бұзғаны анықталды. Оларға салынған 17,6 миллион теңге айыппұлдың қазір 93 пайызы өндірілді. Оған қоса, сот шешімімен 522 заң бұзушы ел шетіне шығарылды. Бірақ, Қылмыстық кодекстің 393 бабы «Елден шығару шешімін орындамау» бойынша сотқа дейінгі 16 іс тіркеліп отыр,-деді өз сөзінде басқарма басшысы.


      МА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      ____     _    _    _    _   
      | |  | ||   / _ \\   |  _ \\  | || | || | \  / || 
      | |/\| ||  | / \ ||  | |_| || | || | || |  \/  || 
      |  /\  ||  | \_/ ||  | .  //  | \\_/ || | .  . || 
      |_// \_||   \___//   |_|\_\\   \____//  |_|\/|_|| 
      `-`   `-`   `---`    `-` --`    `---`   `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх