Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 23:14
      Қоғам 24.07.2017, 16:35 0 пікір 438 просмотров

      «Заңғар» жобасы STEM бағытының кезекті раунд

      Жуырда «Шеврон» компаниясы және Атырау облысы әкімдігімен серіктестікте Халықаралық жастар қорымен жүзеге асырылып жатқан «Заңғар» инновациялық білім беру жобасының аясында Bolashak Engineering-тің STEM бағдарламасы бойынша білім алған кезекті раунд түлектеріне сертификаттарды ұсыну салтанаты өтті.


      50-ге жуық АИГИ және АИГИ колледж студенттері мен қала мектептерінің оқушылары үш ай бойы қазіргі таңда өзекті STEM-оқытудың негізін қалайтын робототехника, 3D модельдеу, инженерия мен бағдарамалауды үйренген болатын. Халықаралық жастар қорының серіктесі «Bolashak Engineering» компаниясы 2016-2017 оқу жылы ішінде 800-ге жуық Атырау жастарын «Заңғар» жобасының STEM бағыты бойынша оқытты.

      STEM-бағдарламасының бірінші раунд түлегі Альбина Туякбаева оқытуға қатысты өзінің пікірімен былайша бөлісті.

      «Мектеп қабырғасында біз физика заңдарын тек қана теория жүзінде оқимыз, бірақ оларды тәжірибеде пайдаланбайбыз. Бұл жерде керісінше, біз тәжірибе жүзінде, мысалы, атмосфералық қысымды немесе аскорбин қышқылының сумен қалай әрекеттесетіндігін оқып білдік. Осы сабақтар қатысушылардың әсіресе физикаға деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, маған бағдарламалау сабақтарында өз ойындарымды жасау ұнайтын. Робототехникада маған барлығы ұнады. 3D модельдеуде 3D кеңістікте жұмыс істей отырып сіздер неше түрлі нәрселерді жасай аласыз; бұл өте қызықты!», - деді Альбина Туякбаева.

      «Заңғар» жобасы STEM бағытының түлектерін «жаңа шыңды» бағындыруымен құттықтауға жергілікті атқарушы органдардың, «Шеврон» компаниясы және қалалық білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ, бағдарлама қатысушыларының ата-аналары келеді. Өз кезегінде, екінші раунд түлектері өздерінің табысты STEM жобаларын қонақтарға ұсынды.

      Еске салсақ, «Заңғар» жобасы – Атырау жастарына арналған инновациялық және интерактивтік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған «Шеврон» корпорациясының Атырау қаласы жастарын дамыту жобасының бір бөлігі. «Шеврон» компаниясы және Атырау облысы әкімдігімен ынтымақтастықта Халықаралық жастар қорымен жүзеге асырылатын бұл пилоттық жоба өмірлік дағдыларды дамыту және ғылым, технология, инженерлік жобалау және математика STEM (STEM - Science, Technology, Engineering, and Math) салаларында дағдылану арқылы Атырау жастарын табысқа жетелеуге бағытталған. «Заңғар» жобасының STEM-бағыты Халықаралық жастар қорының жергілікті серіктесітері «Bolashak Engineering» и «Sumato Batys» компанияларымен іске асырылуда.

      Сондай-ақ айта кетер тағы бір жаңалық, осы жылдың 24 шілде мен 18 тамыз аралығында STEM бағдарламасы аясында ақысыз жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарлануда. Қазіргі таңда жазғы мектепке қабылдау жүріп жатыр. Жазғы мектепке келушілер ғылым, технология, инженерлік жобалауды білікті мамандардан үйренеді.


      Арайлым БАҒЫТЖАН

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     ______     _____     ___       _____  
      | || | ||  /_   _//   / ___//   / _ \\    / ___// 
      | || | ||   -| ||-    \___ \\  | / \ ||   \___ \\ 
      | \\_/ ||   _| ||_    /    //  | \_/ ||   /    // 
       \____//   /_____//  /____//    \___//   /____//  
        `---`    `-----`  `-----`     `---`   `-----`   
                                                        
      
       
      Наверх