Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 октябрь 2017, 11:39
      Спорт 26.07.2017, 17:41 0 пікір 695 просмотров

      Теннис орталығы ашылды

      Енді Атырауда  теннис спортымен айналысам деушілерге үлкен мүмкіндік жасалып отыр. Өйткені, ресми түрде өткен жылдың соңында ашылып, бірақ құрылыстың толықтай бітпеуіне байланысты қайта жабылған жаңа теннис орталығы өз жұмысын бастады. Бұл туралы  «ҚазАқпарат» ХАА хабарлады.


      -«Мұнайшы» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінен жаңа теннис орталығына 123 жас теннисші көшіп келді. Бұрын ДСК-да көп балалар жаттыға алмады. Алайда, тілек білдірушілер көп болатын. Өткен жылдың желтоқсан айында тенниспен айналысу үшін кезекке 530 адам тұрған. Біз спорттың осы түрімен айналысқысы келетіндердің барлығын қабылдауға дайынбыз», - дейді облыстық теннис федерациясының директоры Вера Тихомирова-Брегвадзе. Жаңа спорт орталығында төрт сыртқы және төрт ішкі корттар бар. Бұл жерде бір уақытта 600 спортшы жаттыға алады. Теннис корттары барлық халықаралық талаптарға сай. Жабындыны Рио-де-Жанейродағы олимпиада алаңдарында корттарды дайындауға тартылған испаниялық мамандар жасаған.


       Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  ______    _____      ___      ______  
          ___    /_   _//  /  ___||   / _ \\   /_____// 
         /   ||   -| ||-  | // __    | / \ ||  `____ `  
        | [] ||   _| ||_  | \\_\ ||  | \_/ ||  /___//   
         \__ ||  /_____//  \____//    \___//   `__ `    
          -|_||  `-----`    `---`     `---`    /_//     
           `-`                                 `-`      
      
       
      Наверх