Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 5:08
      Қоғам 24.08.2017, 12:49 0 пікір 1680 просмотров

      Нотариустар қызметіндегі өзгеріс

      Атырауда судьялар мен нотариустар атқару жазбаларының қолданылу тәжірибесін талқылады.



      Нақты айтқанда, Атырау облыстық сотында облыс судьяларының және Атырау облысы нотариаттық палатасының нотариустарының қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, онда қатысушылар атқару жазбаларын жетілдіру, соның ішінде, нотариуске жүгінудің тәртібі мен талабы, мемлекеттік бажды төлеу, атқару жазбаларын орындау секілді мәселелерді қозғады. Шараны ашқан азаматтық істер  жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Көміршінов Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында қойған мақсаттарының бірі - жеңілдетілген өндіріс пен татуластыру рәсімдерін қолдану, атап айтқанда, нотариустардың атқару жазбасы институтын енгізуді көздейтінін және өткен жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына өзгерістер енуіне сәйкес нотариустар жаңа екі бірдей әрекетті жүзеге асыра алатынын, яғни олар дауды реттеу келісімі туралы нотариаттық куәлік арқылы татуластыру рәсімдерін өткізу, сондай-ақ атқару жазбаларын жүргізе алатынын жеткізді.
      -Нотариустердің атқару жазбалары атқару құжатының күшіне ие және даусыз характердегі талаптарды тез және тиімді шешудің маңызды құқықтық инструменті болып табылады, - деді өз сөзінде  М.Көміршінов. Сондай - ақ, басқосуда сөз алған баяндамашы Атырау облыстық нотариаттық палатасы Басқармасының мүшесі Д.Әубәкірова 2016 - 2017 жылдарға статистикалық деректер келтіріп, осы аралықта Атырау облысы нотариустарымен атқару жазбасы түріндегі 7 нотариаттық іс-әрекет жасалғанын айтты. Сонымен қатар заңмен нотариаттық іс-әрекеттің процестік тәртібі регламенттелмегеніне назар аударды. Кездесу барысында халық арасында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу және атқару жазбалары институтын жетілдіруге ұсыныстар енгізу туралы пікірлер айтылды.
      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ


      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __   _    _     _____    _    _   
      | |  | ||  \ \\/ // | |  | ||  |  ___|| | \  / || 
      | |/\| ||   \ ` //  | |/\| ||  | ||__   |  \/  || 
      |  /\  ||    | ||   |  /\  ||  | ||__   | .  . || 
      |_// \_||    |_||   |_// \_||  |_____|| |_|\/|_|| 
      `-`   `-`    `-`'   `-`   `-`  `-----`  `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх