Новости Атырау - Мунайлы Астана

    19 ноябрь 2017, 3:30
      Спорт 04.09.2017, 17:42 0 пікір 307 просмотров

      Атырауда муай тайдан халықаралық турнир өтті

       3 қыркүйекте Атырауда белгілі қазақстандық ғалым Əмен Аманқұловты еске алуға арналған муай тайдан халықаралық турнир өтті.


      Турнир барысында Қазақстан құрама командасы Тайланд, Бразилия, Оңтүстік Африка, Ресей, Австралиядан келген спортшылармен сынға түсті, - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі. Турнирге мыңнан астам көрермен жиналды. Жарыспен қатар отандық эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. -Қалада муай тайдан турнир соңғы рет 1999 жылы болған. Біз тай боксына серпін беруді ұйғардық. Аталған спорт түрін дамыту мен насихаттау үшін осындай шаралар маңызға ие. Атырау муай тай федерациясының еліміздегі орыны ерекше,- дейді облыстық дене тəрбиесі жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет. Тоғыз жекпе-жектің сегізінде біздің спортшыларымыз жеңіске жетіп, муай тайдың қазақстандық мектебі əлемдегі ең мықтылардың қатарында екенін көрсетті.


      МА

       

        

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __    _  __     ___     __   _   
      | || | ||  \ \\/ //  | |/ //   / _ \\  | || | || 
      | || | ||   \ ` //   | ' //   | / \ || | '--' || 
      | \\_/ ||    | ||    | . \\   | \_/ || | .--. || 
       \____//     |_||    |_|\_\\   \___//  |_|| |_|| 
        `---`      `-`'    `-` --`   `---`   `-`  `-`  
                                                       
      
       
      Наверх