Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 ноябрь 2017, 15:02
      Аймақ 11.09.2017, 15:33 0 пікір 738 просмотров

      Атырау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жаңа басшы тағайындалды

      Бүгін, 11 қыркүйекте Атырау облысы әкімі Нұрлан Асқарұлы Атырау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жаңа басшы етіп Марат Бақтығалиұлы Түсіпқалиевті тағайындады.

      Марат Түсіпқалиев 1975 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Атырау мұнай және газ институтын бітірген. Мамандығы - экономист, тау-кен инженері. Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы жобаларды басқару департаментінің эксперті болып бастады. 1999-2001 жылдары осы департаменттің бас инженері болды. Одан кейінгі жылдары «ҚазМұнайГаз» жабық акционерлік қоғамының мұнай және газ өндіру департаментінің менеджері. 2007-2008 жылдары Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары, кейін Орал қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет жасады.

      2012-2016 жылдары Бөрілі ауданының əкімі, 2016-2017 жылдары «Альтаис групп» ЖШС бас директорының орынбасары болған.

      Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы тағайындау барысында жаңа басшысы корпорация қызметін жолға қоятындығына сенім білдіріп, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды міндеттеді.

       

      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      _  __     ___      _  __  
      | || | ||   / _ \\   | |/ //   / _ \\   | |/ // 
      | || | ||  / //\ \\  | ' //   | / \ ||  | ' //  
      | \\_/ || |  ___  || | . \\   | \_/ ||  | . \\  
       \____//  |_||  |_|| |_|\_\\   \___//   |_|\_\\ 
        `---`   `-`   `-`  `-` --`   `---`    `-` --` 
                                                      
      
       
      Наверх