Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 ноябрь 2017, 15:06
      12.09.2017, 16:32 0 пікір 250 просмотров

      «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Атырауда ипотека беру басталды

      «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болған алғашқылардың бірі, Ресейден төрт жыл бұрын Атырау қоныс аударған - Азамат пен Аннаның отбасы.

      Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған отбасы осы кезге дейін пәтер жалдап жүрген. Осы жылдың басында бір банктен кездейсоқ «Нұрлы жер» бағдарламасы туралы ақпаратты көреді. Бағдарламаға қатысуға бел буған отбасы «Нұрсая» ышқамауданынан жаңа да жайлы пәтер алды.

      -       Банк қызметкерлерімен сөйлестік, олар кеңес берді. Құжат жинап, бір-екі апта жауап күттік. Баспаналы болатынымызда естігенде қатты қуандық. Бағдарламаның артықшылығы – пайыздық мөлшерлемесі төмен, 5 пайызын мемлекет төлейді. Сонда біз айына 70 мың теңгедей үнемдейді екенбіз. Міне өзіміздің жап-жаңа үйіміз бар», - дейді Анна Сүйінбаева.

       

      «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Атырауда «Банк Центр Кредит», «АТФ Банк», «Сбербанк» және «Банк ВТБ» сынды төрт банк ипотеканы субсидиялауға өтініш қабылдап жатыр. Жуырда «Bank RBK» мен «Нұрбанк» да бағдарламаға қосылады деп жоспарлануда.

      Атырау қаласы бойынша «Банк Центр Кредитке» жалпы сомасы 32 888 900 теңге болатын 4 өтініш түскен. Оның барлығы да мақұлданды.

      Айта кету керек, тұрғын үй құрылысына қатысты «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасының шеңберінде 2016 жылдан бастап коммерциялық банктердің ипотекалық қарыздарын субсидиялау бағыты қарастырылған. Қарыз алушының субсидияланатын қарыз бойынша түпкілікті төлемі 10 пайыз болады, қалған бөлігін ҚИК төлейді. Айта кету керек, қарыз беру мен рәсімдеу ісінде банктер ешқандай комиссия ұстамайды. Аталған бағдарлама бойынша тек бастапқы баспана алуға ғана мүмкіндік бар, ол үшін  тұрғын үй құнының 30 пайызы алғашқы жарна ретінде төленеді, қалған қарыз 10 жылға субсидияланады. Алматы мен Астанада несиенің субсидияланатын жоғары мөлшері 20 млн теңге, облыстарда – 15 млн теңге.

      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    ______    _  __     ___              
        / ___//  /_   _//  | |/ //   / _ \\    ____    
        \___ \\   -| ||-   | ' //   / //\ \\  |    \\  
        /    //   _| ||_   | . \\  |  ___  || | [] ||  
       /____//   /_____//  |_|\_\\ |_||  |_|| |  __//  
      `-----`    `-----`   `-` --` `-`   `-`  |_|`-`   
                                              `-`      
      
       
      Наверх