Новости Атырау - Мунайлы Астана

    21 октябрь 2017, 1:49
      14.09.2017, 17:01 0 пікір 222 просмотров

      Ертең Атырауда мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы Спартакиада басталады

      Атырауда 14-24 қыркүйек аралығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының 5-ші Спартакиадасы өткізіледі. Бұл туралы Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды.

      Күні бүгінде Атырау облысында 250-ге жуық мүгедек спорттың 13 түрімен шұғылданады. Оның 44-і - аудан тұрғындары. Облысымыздың 7 ауданында мүгедектермен жұмыс жүргізетін әдіскерлер жұмыс жасайды.

      Облысымызда мүмкіндігі шектеулі жандарды дене шынықтыру және спортқа баулу мақсатында барлық жағдай жасалып отыр. Атырауда республика бойынша алғашқылардың бірі болып Мүгедектер спорттық клубына спорттық кешен толығымен берілді.  

      Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВТІҢ қатысуымен өткен брифингте баяндалғандай, бүгінгі күні Спартакиаданы өткізу үшін қала бойынша 8 спорттық нысан пайдалануға дайын. Барлық нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сайысқа келген спортшыларды күтіп алу, көлікпен, қонақүймен қамту, дәрігерлер қызметі ұйымдастырылады. Спартакиадада Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстан барлығы 16 құрама команда 11 спорт түрінен сынға түседі деп күтілуде. Спартакиада ертең сағат 15.00-де «Мұз айдыны» сарайында салтанатты түрде ашылады.

      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___      ____       ___      _____   
       |__  //    / _ \\   |  _ \\    / _ \\   / ____|| 
         / //    | / \ ||  | |_| ||  / //\ \\ / //---`' 
        / //__   | \_/ ||  | .  //  |  ___  ||\ \\___   
       /_____||   \___//   |_|\_\\  |_||  |_|| \_____|| 
       `-----`    `---`    `-` --`  `-`   `-`   `----`  
                                                        
      
       
      Наверх