Новости Атырау - Мунайлы Астана

      21 ақпан 2018, 3:49
        14.09.2017, 17:18 0 пікір 446 просмотров

        Атырауда екі бірдей ауыл әкімінің ісі сотта қаралды

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті хабарлағандай, Атырау облысы Мақат ауылдық округі әкімі болған Жанболат Жүнісов 7 жылға сотталды.

        Ауылдық округ әкіміне алаяқтық жолмен тұрғындардан жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алып беруге уәде беріп, сол үшін ақша алған деген айып тағылған.  Сот шешімімен округ әкімі 7 жылға сотталды.

        Ал Индер ауданы, Есбол ауылдық округ әкімі Ерлан Қалиевтің үстінен Есбол ауылындағы жалпы сомасы 9 млн. теңге болатын су құбырларын ағымдағы жөндеу бойынша орындалмаған жұмыстарға қол қойып, өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша іс қозғалған. Индер аудандық сотының үкімімен Ерлан Қалиевке 1 млн. 166 мың 550 теңге айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

        МА

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          ______    ______              ______   _____    
         /_____//  /_   _//     ___    /_   _// |  __ \\  
         `____ `    -| ||-     /   ||   -| ||-  | |  \ || 
         /___//     _| ||_    | [] ||   _| ||_  | |__/ || 
         `__ `     /_____//    \__ ||  /_____// |_____//  
         /_//      `-----`      -|_||  `-----`   -----`   
         `-`                     `-`                      
        
         
        Наверх