Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 22:37
      14.09.2017, 17:51 2 пікір 412 просмотров

      Атырау орталығында астыртын казино қызметінің жолы кесілді

      Облыс прокуратурасының үйлестіруімен Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен Атырау қаласының орталығында заңсыз жұмыс жасаған «астыртын казино» анықталды.

      Департамент қызметкерлерімен үй-жайды қарау барысында 4 дана покер үстелі, 4 комплекті «ЗУМ» маркалы «Бинго 37» электронды рулеткасы, 35 дана фишка, 15 дана жүйелік блок, 13 дана теледидар, 2 дана термопринтер, 2 дана қол сканері, сондай-ақ 68 110 АҚШ доллары және 18 млн. 821 мың 980 теңге көлемінде ақша қаражаты алынды. 

      Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың айтуынша, аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 307 бабының 1 бөлігімен (заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, прокуратураның бақылауына алынды.

      Аталған бапта мүлкi тәркiленiп, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

      Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес, казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.

      Сонымен қатар, көрінеу заңсыз ойын мекемесін ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру (ұйымдастыру) үшін ойын жабдығын, бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық беруге тыйым салынады.

      Облыс прокуроры, қазіргі уақытта прокуратураның үйлестіруімен облыстың құқық қорғау органдарымен қылмыстылықпен күрес және оның алдын алу шаралары күшетілгенін атап көрсетті.

      МА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      ____       ___      _____   
      | \  / ||   / _ \\   |  _ \\    / _ \\   /  ___|| 
      |  \/  ||  | / \ ||  | |_| ||  | / \ || | // __   
      | .  . ||  | \_/ ||  | .  //   | \_/ || | \\_\ || 
      |_|\/|_||   \___//   |_|\_\\    \___//   \____//  
      `-`  `-`    `---`    `-` --`    `---`     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх