Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 6:21
      20.09.2017, 18:26 0 пікір 424 просмотров

      Биыл жол-көлік оқиғасынан 209 адам жарақат алып, 28 адам қаза болған

      Бұл туралы бүгін Атырау облыстық прокуратурасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.

      Талдау қорытындалары көрсеткендей, облыстық автомобиль жолдарының 51 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда және жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігі анықталған. Осылай деген облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов бұның өзі тұрғындар тарапынан наразылық жай-күйлерін туғызатынын атап өтті.

      Бірақ мемлекеттік органдармен қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылы орын алған жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі - ЖКО) санын 13,6 пайызға төмендетуге қол жеткізілген, алайда бұл көрсеткіш қанағаттанарлықтай емес, ЖКО нәтижесінде 209 адам жарақат алып, 28 қаза болған.

      Талдаудың нәтижесінде жолдың ең қауіптісі – Атырау-Астрахань тас жолы екендігі анықталып отыр, онда орын алған ЖКО-ы нәтижесінде 7 адам қаза тауып, 15 әртүрлі дене жарақаттарын алған.

      ЖКО-ның басты себебі - тас жолдың қанағаттанарлықсыз күйде болуы, автокөлік жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты асыруы, автокөлік жүргізушілерінің қарсы бағытқа шығуы.

      Жолаушылар тасымалын жүзеге асыру сапасы да сын көтермейді, прокурорлар жолаушылар тасымалын толық-қанды ұйымдастыру үшін 178 бірлік автобус қажет ететіндігін анықтаған.

      Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдармен Жылыой және Исатай аудандары бағыттарынан басқа, аудан орталықтарына тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын маршруттар ұйымдастырылмаған.

      Соның салдарынан тұрғындар Атырау-Индер, Атырау-Махамбет, Атырау-Құрманғазы, Атырау-Мақат, Атырау-Миялы тас жолдары бағытында тіркелмеген таксилердің қызметін пайдалануға мәжбүр, сөйтіп ЖКО орын алу қаупін ұлғайтуда.

      Көпшілік тұрғындар жүргізушілердің және кондукторлардың қызметіне наразы, ағымдағы жылы әкімдікке 42 арыз-шағым түсіп, оның барлығы өз дәлелін тапқан, 1 жүргізуші жұмыстан босатылып, қалғаны әр түрлі жаза алған.

      Соның ішінде жүргізушілер мен кондукторлар жеңілдік берілген тұлғалардан жол ақысын талап етуге дейін жеткен жағдайлар орын алған (мектеп оқушылары, мүгедектер, зейнеткерлер және т.б.) сондай-ақ, маршрут кестесін өзгерту, маршруттардың аралық уақытын азайту мақсатында жарысу және т.б.

      Жақын арада кондуктор тегін жүруге құқылы мектеп оқушысын автобустан шығарып жібергені туралы БАҚ-да жазылды, - деп облыс прокуроры ренішін білдірді. Осындай заң бұзушылықтарға жол берген жолаушылар тасымалын жүзеге асырушы мекемелерді жазалап, олардың рұқсаттарын кері қайтаруға дейін қарауды ұсынды, сол кезде ғана тиіс әсер болатынын және бұл жағдай қайталанбайтынын атап өтті. 

      Кеңесте талқыланған сұрақтардың тым өзектілігіне және барлық облыс тұрғындарын ойландыратын мәселе болуына байланысты тұрғындар бізден бұл мәселенің түпкілікті шешілуін күтеді, сондықтан ол қағаз жүзінде қалмауы керек – деп жиынды қорытындылады облыс прокуроры.

      Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижесінде прокурорлармен облыс әкімдігіне жолдағы жағдайды жақсарту және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындалды.

      МА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     _____    ______      ___       _____  
       |__  //   |  ___|| |      \\   / _ \\    / ___// 
         / //    | ||__   |  --  //  | / \ ||   \___ \\ 
        / //__   | ||__   |  --  \\  | \_/ ||   /    // 
       /_____||  |_____|| |______//   \___//   /____//  
       `-----`   `-----`  `------`    `---`   `-----`   
                                                        
      
       
      Наверх