Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 8:16
      23.09.2017, 17:41 0 пікір 220 просмотров

      «Аманат» қоғамдық тану сыйлығына үміткерлерді іріктеу басталады

      Бүгін, 23 қыркүйекте «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қоры «Аманат» қоғамдық тану сыйлығына үміткерлердің іріктелуіне арналған Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз-конференциясы өтті.

      Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбеков, белгілі жазушы, композитор, өнер зерттеушісі Ілия Жақанов, «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорының өкілі Бинара Төлегенова қатысты.

      Конференцияда айтылғандай, «Аманат» сыйлығы еліміздің қоғамдық, мәдениет, спорт әрі саяси өміріне елеулі үлес қосқан және қоғам үшін жарқын әрі маңызды әрекеттерді жасаған Атырау облысының тұрғындарына тағайындалады.

      Үміткерлерді іріктеу мен бағалау мақсатында сыйлықты тағайындау бойынша қоғамдық өкілдердің кеңесі құрылады. Үміткерлердің туған жерін дамытуға қосқан үлесі мен қызметіндегі нақты нәтижелері ескерілетін болады. Іріктеу нәтижесі бойынша 7 номинант таңдалады.

      Бұл сыйлықтың негізінде Елбасының бағдарламалық мақаласының ұлттық мәдениет құндылықтарын және мейірімділік пен жасампаз еңбекке сүйенетін салт-дәстүрлерді сақтау мен нығайту секілді идеялары жатыр.

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  _      ___      ______     ___     _    _   
       | \| ||   / _ \\   /_   _//   / _ \\  | |  | || 
       |  ' ||  | / \ ||    | ||    / //\ \\ | |/\| || 
       | .  ||  | \_/ ||   _| ||   |  ___  |||  /\  || 
       |_|\_||   \___//   /__//    |_||  |_|||_// \_|| 
       `-` -`    `---`    `--`     `-`   `-` `-`   `-` 
                                                       
      
       
      Наверх