Новости Атырау - Мунайлы Астана

    24 октябрь 2017, 2:50
      25.09.2017, 16:16 0 пікір 946 просмотров

      Жазасын өтеуші әйелдер байқауда бақ сынады

      Шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығы басшысы М.Құбышев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ-ның директоры М.Турлыбеков, теолог М.Құлсымақов, баспасөз қызметшісі Ж.Жұмағалиева, дінтанушы Н.Жетпісбай, психолог маман С.Нурбекова қатысты.

      Аталмыш шараны Мейірбек Ғайнеденұлы ашып, байқаудың ережесімен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

      Жалпы байқау 2 кезеңнен тұрды. Сайыс барысында «Мәдениет», «Әділет», «Руханият», «Шұғыла», «Парасат» тобының мүшелері  өнерін көрсетіп, білімін шыңдап, өздерінің қолдан жасаған қолөнер бұйымдарын әділқазылар назарына ұсынды. Осылайша қатаң тәртіпке бағынып жүрген арулар өзара сынға түсіп, өнерден кем еместіктерін аңғартты. Көпшіліктің көңілін бір марқайтып тастаған жазасын өтеушілердің көздерінен қуаныш сезімін байқау қиын болмады.

      Жеке қатысушылар арасындағы сайыс барысында сотталушылар өздері шығарған «Туған жер, Отаным, «Қазақстан», «Астанам», т.б. патриоттық өлеңдерімен бақ сынаған болатын. Әр өлең жолдарында өкініш, сағыныш сезімі байқалды. Тағдырдың тәлкегіне түсіп, бас бостандығынан айырылған әйелдердің жағдайымен танысқан біз қазіргі уақытта еліміздің қылмыстық атқару жүйесі түрлі қылмыс жасап, жазасын өтеуші әйелдерді түзету жолында заң талаптарына сәйкес, барлық жағдайды жасап отырғанына көз жеткіздік. Сонда да бұрын отбасының, бала-шағасының қасында алаңсыз жүрген әйелдердің «темір торға» түскендегі күйін сезінбеу мүмкін емес. Кейбіреуі өнерін қуанышпен жеткізсе, біреулер көзіне жас алып отбасына деген сағынышын өлең жолдарымен жеткізді.

      Бұл орайда көңілге қаяу түсірген сәттерде сөз кезегін «Шапағат» орталығы ҚҚ-ның теологы М.Құлсымақов «Туған жер, Отан» туралы уағыз айтып, қатысушылардың сауалдарына тұщымды жауабын берді.

      Шара нәтижесінде бірінші кезең бойынша жүлделі I орынды Адилова Гүлжазира, II орынды Ярова Құралай, III орынды «Экстремизм» бабы бойынша сотталушы Кажгалиева Үміт иеленді.

      Сондай-ақ, екінші кезең бойынша бақ сынаған топтардың ішінде I орынды 1 жасақ тобы «Мәдениет», II орынды  3 жасақ тобы «Руханият», III орынды 2-жасақ тобы «Әділет» командасы жеңімпаз атанды.

      Жиын соңында «Шапағат» орталығы ҚҚ-ның баспасөз қызметшісі Ж.Жұмағалиева жазасын өтеушілерге жүрек жарды тілегін айтып, олардың алдағы өмірде адаспауға, дұрыс жол таңдай білуге, қамшының сабында қысқа өмірде тезірек өзінің бала-шағасына оралып тәлім-тәрбие беруге асығыңдар деп, жүректерінен имандылық, патриоттық сезімдерін өшірмеуге шақырып,  мекеме атынан «Күй атасы –домбыра» демекші УГ157/11 түзеу мекемесіне қазақтың домбырасын сыйға тарту етті.

      Ал, бүгінгі шара олардың жігерін шыңдап, қоғамдық өмірге бейімделуіне оң ықпал етпек деген сенімдеміз.

       

       «Шапағат» орталығы ҚҚ-ның баспасөз қызметі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____      ______   _    _    __   __   ______   
      |  __ \\   /_   _// | \  / ||  \ \\/ // |      \\ 
      | |  \ ||   -| ||-  |  \/  ||   \ ` //  |  --  // 
      | |__/ ||   _| ||_  | .  . ||    | ||   |  --  \\ 
      |_____//   /_____// |_|\/|_||    |_||   |______// 
       -----`    `-----`  `-`  `-`     `-`'   `------`  
                                                        
      
       
      Наверх