Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:53
      Қоғам 27.09.2017, 18:26 0 пікір 312 просмотров

      Қайролла КӨШҚАЛИЕВ: "Тəртіпке мойынсұну керек"

      Қазақстан Республикасының Ата заңында еліміз зайырлы мемлекет ретінде нақты айтылған, сондай-ақ еліміздің әрбір азаматына орта білім алуы міндеттелген. Атырау облысы Дін істері басқармасы басшысы Қайролла Көшқалиев осындай пікірде.

      -Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Конституцияға негізделеді, және өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      Осыған орай, білім саласын арнайы мемлекеттік органдар қадағалайды және Ата заңдағы зайырлылық принципіне сәйкес тиісті нормативтік актілерді шығарады.
      Мәселен, былтыр ҚР Білім және ғылым министрінің 26 бұйрығы шықты. Онда мектеп формасына қатысты нақты талаптар қойылған. Нені кию керек, неге тыйым салынатыны айтылған.
      Қазақстанның барлық орта білім беру саласында ата-аналар үшін оны орындау міндет ретінде белгіленіп отыр.
      Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының   2-бабы 7 бөлігінде «Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ деп айтылған.
      Мойындаумыз керек, діни көзқарасты қоғамда ешкім шектеп отырған жоқ.
      Тек қана білім берудің арнайы саласындағы нақты белгіленген тәртіпке мойынсұну қажеттілігі талап етілуде. Осыны ұғынуымыз керек,-дейді Қ. Көшқалиев.

      Мұнайлы Астана

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____       ___     ______    _    _    _    _   
      |  __ \\    / _ \\  |      \\ | || | || | \  / || 
      | |  \ ||  | / \ || |  --  // | || | || |  \/  || 
      | |__/ ||  | \_/ || |  --  \\ | \\_/ || | .  . || 
      |_____//    \___//  |______//  \____//  |_|\/|_|| 
       -----`     `---`   `------`    `---`   `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх