Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 1:56
      Қоғам 28.09.2017, 22:02 0 пікір 628 просмотров

      Атырауда халықаралық ақындар айтысы басталды

      Бүгін 28 қыркүйекте Атырауда “Қайта жаңғырған Қазақстан” атты ақындар айтысы басталды, – деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі. Сайысқа тек қазақстандық сөз шеберлері емес, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерін келген 20 өнерпаз түсіп жатыр.

      Ақындардың өнеріне Асанәлі Әшімов, Несіпбек Айтұлы, Есенғали Раушанов, Мереке Құлкенов, Бауыржан Халиолла, Алтынбек Қоразбаев, Светқали Нұржан сынды елге белгілі құрметті азаматтар қазылық етуде.



      Айтысты тамашалауға облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі келіп, ақындарға сәттілік тіледі.

      “Бұл айтысты бауырлас азаматтардың арасындағы қарым-қатынасты жандандыра түсетін шара деп ойлаймыз. Атырау жеріне қош келдіңіздер!”, – деді Нұрлан Ноғаев.

      Өңір басшысы, сонымен қатар, төл өнерге жанашырлық танытып жүрген Жүрсін Ерманға, жергілікті және алыстан келген ақындар мен қазылар алқасына ризашылығын білдіріп, шараның Елбасының “Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар” бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтіп жатқанын айтты. 


      Айта кетелік, бүгін басталған ақындар айтысының қорытындысы ертең 29 қыркүйек күні белгілі болады.

      МА
      Суретті түсірген Ерлан Алтыбаев

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  ______   _____      _____      _____  
        ____     /_   _// |  __ \\   |  ___||   / ___// 
       |    \\    -| ||-  | |  \ ||  | ||__     \___ \\ 
       | [] ||    _| ||_  | |__/ ||  | ||__     /    // 
       |  __//   /_____// |_____//   |_____||  /____//  
       |_|`-`    `-----`   -----`    `-----`  `-----`   
       `-`                                              
      
       
      Наверх