Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 17:57
      Аймақ 29.09.2017, 14:15 0 пікір 1199 просмотров

      Нұрлан Ноғаевқа “БҚО-ның құрметті азаматы” атағы берілді

      Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді.

      Бұл ұсыныс Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс XIII сессиясында қаралып, оны мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.

      «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған Нұрлан Ноғаев 2007-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарған, 2016 жылдың наурызынан бері Атырау облысының әкімі.

      Айта кетелік, мәслихаттың осы сессиясында “Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы” атағы ҰОС ардагері «II дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «Еңбек қызыл ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен қатар «Батырлығы үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарының иегері Мұхтар Әжіғұловқа, алашқа танымал ақын Ақұштап Бақтыгерееваға, белгілі қазақ альпинисі, ҚР альпинистер құрамының капитаны, «Құрмет» орденінің иегері Мақсот Жұмаевқа да берілсін деген шешім қабылданды.

       

      МА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    _    _     ______    ______    ____    
      | \  / || | || | ||  /_   _//  /_   _//  |  _ \\  
      |  \/  || | || | ||    | ||     -| ||-   | |_| || 
      | .  . || | \\_/ ||   _| ||     _| ||_   | .  //  
      |_|\/|_||  \____//   /__//     /_____//  |_|\_\\  
      `-`  `-`    `---`    `--`      `-----`   `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх