Новости Атырау - Мунайлы Астана

    13 декабрь 2017, 9:11
      03.10.2017, 15:20 0 пікір 531 просмотров

      Латын әліпбиіне көшудегі өзекті мәселелер

      «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиіне көшудің өзекті мәселелері» тақырыбы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде дөңгелек үстел барысында талқыға түсті.

      Атырау мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақ тілін зерттеуші филолог-ғалымдар, тіл пәндерінің оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысқан бұл жиында қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашу, қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді жолдар ашылуы мақсатында мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиіне көшуге қатысты тілдік проблемалар сөз болды.

      Дөңгелек үстел барысында университет ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Абзал  АХАТҰЛЫ алғы сөз сөйлеп, жиынға қатысып отырған тіл мамандарына кезек берді. Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек НАУТИЕВ, ф.ғ.д, профессор Қадір ЖҮСІП латын графикасы жөнінде бірнеше мәселелерге тоқталып өтті.

      Тілдік проблемаларды талқылау барысында ф.ғ.к. Жұмазия АБДРАХМАНОВА, Атырау өңірлік «Рухани жаңғырту» жобалық кеңсенің бас менеджері Орынтай БИМАНОВА, ф.ғ.к. Жомарт МУХАМБЕТОВ және п.ғ.к., аға оқытушы Бибігүл ХАЙЫРЖАНОВА, аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жания ИНГАМОВА латын әліпбиіне көшу мәселесі, оның маңыздылығы және де латынға көшу – заман талабы екендігі жөнінде өз көзқарастарын білдіріп, баяндама оқыды. 

      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 _    _     _  _    _    _    _    _   
        ____    | || | ||  | \| || | || | || | || | || 
       |    \\  | || | ||  |  ' || | || | || | || | || 
       | [] ||  | \\_/ ||  | .  || | \\_/ || | \\_/ || 
       |  __//   \____//   |_|\_||  \____//   \____//  
       |_|`-`     `---`    `-` -`    `---`     `---`   
       `-`                                             
      
       
      Наверх