Новости Атырау - Мунайлы Астана

    12 декабрь 2017, 17:53
      Қоғам 12.10.2017, 9:49 0 пікір 557 просмотров

      Латын əліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың іргетасы

      Қоғамдағы әрбір жаңалық еліміздің болашағы толғандыратын, өзінің, отбасының келешегін ойланатын әрбір адамға маңызды деп ойлаймын. Кейінгі уақытта қоғамдық өмірдегі үлкен талқыға түсіп отырған тақырыптың бірі – латын графикасы негізіндегі мемлекеттік тілдің әліпбиі бірыңғай стандартын жасау мәселесі. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы елдегі рухани құндылықтарды нығайтуда өте маңызды бағдарламалық құжат болуымен қатар, ел дамуының жаңа сатысына бастау болуда. Мақала жариялағнаннан бері қазақстандық қоғамда үлкен серпіліс, рухани, мәдени тұрғыдан жаңару үрдісі басталды.
      XXI ғасырдағы Ұлттық сананың жаңғыруына бірден бір ықпал ететін халқымыздың бәсекеге қабілеттілігі, прагматизм, ұлттық бірлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму, сананың ашықтығы – барлығы да біздің, яғни қоғамның  рухани жаңғыруына негіз болатын аса маңызды құрамдас бөлшектер.
      «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деп атап көрсеткен Елбасы тапсырмасына сай, латын графикасы негізіндегі бірыңғай қазақ әліпбиін жасау мәселесі қоғамда үлкен талқыға түсіп, күн тәртібіндегі көкейкесті тақырыпқа қатысты көптеген пікірлер айтылды. Көптеген қоғам қайраткерлері осы мәселеге үн қосып, «латын әліпбиіне көшуді рухани жаңғырудың іргетасы» болатындығын атап өтуде. Атыраулық қоғамдық ұйымдар, зиялы орта барлығыда осы маңызды мәселеге үн қосты, латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге қатысты өз ойларын ортаға салды, бүкілхалықтық талқылауға белсене қатысты. Осы талқылаулар барысындағы оқытушылар, студенттер, түрлі қоғамдық ұйым өкілдерінің ұсыныстарының басым бөлігінде қазақ тілінінң төл дыбыстарының сақталуы, бір әріпті бір таңбамен белгілеу турасында пікірлер айтылған болатын. Жалпы қоғамда диграфтардың да, бірқатар әріптердегі қазақ әрпінің латын таңбасындағы белгіленуіне орай пікірлер ұсынылды. Осы пікірлердің бәрі де қазақстандық қоғамда маңызды мәселелерге халықтың бейтарап қалмайтындығын, біздің қоғамның сапалық сатыға көтерлігендігін, ойланып ортақ шешім қабылдаудың тиімділігін айқындайды деп санаймын.
      Күні кеше ғана Мемлекет басшысының қазақ тілінің латын графикасына көшіру жөніндегі жұмыс тобымен кездесуінде ана тіліміздің латын қарпіндегі әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылған болатын. Талдау барысында қоғамдық сананың жаңғыруындағы мемлекеттік тіліміздің реформасының аса маңызы жоғары екендігін атап өткен Елбасы мәселенің тарихи маңызына мән берді. Әліпбидің алғашқы нұсқасында 25 әріп болса, жаңаша нұсқада 32 әріп бар. Олардың ішінде қазақы төл «ә, і, ү, ұ» секілді дыбыстар апострофтар арқылы белгіленуі ұсынылды. Жарлы төл дыбыстарды бұла йноқаттармен белгілеу бұрыннан бар дәстүр, бұрынғы 1923 жылғы «жаңа емле» әліпбиінде де болған. Бірқатар халықтарда, мысалы, түрік алфавитінде бұндай апострофпен белгілей бар. Әрине, жаңа әліпби үйреніп кеткенше бірқатар қиындықтар туғызуы мүмкін. Дегенмен, халықтың бастыс бөлігі, сондайақ халықтың жаңа әліпбиді талқылаудағы белсенділігі біздің осы өзгеріске дайындығымызды білдіреді деп ойлаймын.
      Кезең-кезеңмен іске асатын бұл жұмыстарда халық түсіністікпен қарайды деп сенеміз. Латын графикасы негізіндегі жазу реформасын қазақстандық қоғамның үйлесімді дамуы үшін, болашақта қайтарымы болатын, алға дамуға қажетті алғышарт ретінде қабылдауымыз қажет.     

      Гүлфайруз Кайргалиева
      Х.Досмұхамедов атындағы
      Атырау мемлекеттік университеті
      гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы
      тарих ғылымдарының кандидаты

      МА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___     __   __     ___              
      | \  / ||   / _ \\   \ \\/ //   / _ \\      ___   
      |  \/  ||  | / \ ||   \   //   | / \ ||    /   || 
      | .  . ||  | \_/ ||   / . \\   | \_/ ||   | [] || 
      |_|\/|_||   \___//   /_//\_\\   \___//     \__ || 
      `-`  `-`    `---`    `-`  --`   `---`       -|_|| 
                                                   `-`  
      
       
      Наверх