Новости Атырау - Мунайлы Астана

    14 декабрь 2017, 4:49
      07.12.2017, 16:17 0 пікір 898 просмотров

      Қазақстан Республикасы «адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын түсіндіру

      Мемлекетімізде әр адам өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға  және білікті заң көмегін алу мемлекет кепілдік берген  және де ҚР Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесу адвокаттық қызметпен көрсетіледі.

              Адвокаттық қызмет – жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заң көмегі.

               Қазіргі таңда елімізде білікті заң көмегін көрсету жүйесін дамытуға  бағытталған шаралар қолға алынып жатыр. Ол Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен әзірленген «Адвокаттық қызмет және заң көмегін  көрсету туралы» Заңы жобасы.

      Жалпы алғанда, аталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заң жобасы  4 бөлімнен тұрады. Атап айтар болсақ:

      Бірінші бөлім – «жалпы ережелер» заң көмегін көрсететін субъектілері мен оны көрсетілуінің жалпы шарттарын анықтайтын болады. Бұл бөлімнің нормалары құқықтық көмек көрсету қағидаттарын, құқықтық көмек көрсетудің түрлері мен нысандарын, заң көмегін көрсететін субъектілердің құқықтық жағдайын, заң көмегі саласында Үкіметтің және уәкілетті органның құзыретін және т.б. анықтайтын болады.

      Екінші бөлімде – «Мемлекет кепілдік берген заң көмегінде» мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көрсетілуінің жалпы шарттары мен тәртібін реттейтін болады.

      Үшінші бөлім – «Адвокаттық қызмет» – адвокаттардың заң көмегін көрсететін негізгі субъектілер ретінде құқықтық жағдайын (құқықтары мен міндеттері, кепілдемелері, қызметін сақтандыру); адвокаттардың құқықтық мәртебесін алуға негіздемелер (үміткерге қойылатын талаптар, тағылымдама, аттестаттау, лицензиялау, мүшелік шарттары); адвокаттық қызметтің ұйымдастыру нысандары, аумақтық адвокаттар алқасының басқару органдары, олардың өкілеттіліктеріне, адвокаттар алқасы мүшелерінің қызметіне, басқару органдарына бақылау жүргізу, тәртіптік жауапкершілікке тарту, адвокаттар алқасы мүшелерінің адвокаттық қауымдастығының басқару органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану нормаларын көздейтін болады.

      Төртінші бөлімде – заң кеңесшілерінің құқықтық жағдайы, заң кеңесшілерінің өзін-өзі реттеу моделі, заң кеңесшілерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі және шарты; заң кеңесшілерінің палаталарына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу шегі және т.б. анықталатын болады.

       

      Аталған Заң жобасы «Адвокаттық қызмет туралы» Заң негізінде және қазіргі заман талабын ескере отырып әзірленген. Сондай-ақ, жоба мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету нормаларымен қатар, жеке кәсіп ететін заңгерлердің қызметі туралы кешенді нормаларды қамтиды. Аталған нормаларды бір заңға біріктіру – реттелетін қоғамдық қатынастардың біркелкілігімен түсіндіріледі. Заң жобасында «заң кеңесшісі» деп аталатын жеке кәсіп етуші заңгерлердің қызметі палатаға біріктірілмек.

      Заң кеңесшісі – бұл жоғары заң білімі бар,  заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, заң кеңесшілерінің палатасының тізілімінде тұрған және заң көмегін көрсететін жеке тұлға. Соттарда тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түріндегі зңгерлік көмек көрсететін жеке тұлғалар үшін заң кеңесшілері палатасында мүше болу міндетті.

      Заң кеңесшілерінің палатасы, заңгерлік көмек көрсету бойынша қызметті реттеу мақсатында және Қазақстан Республикасының заңгерлік қызмет туралы заңнамасын, заң кеңесшілері мүшелігі шарттарында бірлескен, заң кеңесшілері палатасының бірыңғай тізіліміне енген, заң кеңесшілері палатасының ережелері мен стандарттарының, Кәсіби этика кодексінің талаптарын сақтау бөлігінде құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым болып танылады.

              Сонымен қатар,   адвокатура институтын жетілдіру үшін заңнамалық ынталандыру ретінде біліктілікті қамтамасыз ету және кіру жарналарын төлеуді жою ұсынылады, бұл адвокаттар санының өсуіне, олардың арасындағы бәсекелестікті күшейтуге және оларды өз кәсіби деңгейін жоғарылатуға ынталандырады деген үмітті оятады. Сондай-ақ адвокаттар санын батыс еуропа елдеріндегідей деңгейге дейін арттыру. Мысалға алатын болсақ,  Қазақстанда бір адвокатқа 4000-ға жуық азамат келеді. Батыс еуропа мемлекеттерінде бұл норма 250-ден 1 мыңға дейін адамды құрайды. Адвокаттар алқасына кіру үшін 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде кіру жарнасын төлеу керек.

              Адвокатура қызметін оңтайландыру бойынша, бүгінгі таңда адвокаттарда жедел және уақытылы ақпарат қызметін көрсету үшін қажетті және маңызды емін-еркін қолжетімділік жоқ. Сол үшін Е-адвокатура бірыңғай электронды базасын жасау ұсынылып отыр. Бұл адвокаттардың бір-бірімен, адвокаттар алқаларымен және мемлекетпен өзара іс-қимылын оңалтуға жағдай жасайды.

      Адвокаттар алқаларының қаржылық қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету ұсынылады. Бұл шара адвокаттар алқалары қызметінің транспаренттілігін арттырады және адвокаттардың өздерінің, үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

      Заң кеңесшісі қызметінің басты принципті шарты, ол міндетті түрде сотта заң қызметін өкіл ретінде көрсетуге құқығы бар заң кеңесшілерінің палатасы мүшелігінде болу.

      Заң жобасында кешенді әлеуметтік заң көмегі деп аталатын Pro bono (пробоно) негізінде заң көмегін көрсету енгізіледі. Pro bono – халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына адвокаттар немесе заң кеңесшілері тарапынан тегін заң көмегін көрсету тәсілі.

      Сонымен қатар, осындай қызметтерді көрсетудің ең аз көлемі мен тәртібі адвокаттардың, заңгерлердің өзімен, өзін-өзі реттейтін ұйымдар, кәсіби қауымдастықтар және тағы басқалар атынан реттелуге тиіс.

      Заң жобасында адвокаттық кеңсе құрған адвокаттар арасында жай жазбаша серіктестік шартын жасау мүмкіндігі ұсынылады. Серіктестік шартына сәйкес адвокат-серіктестер заң көмегін көрсету барысында өз күш-жігерлерін біріктіруге міндеттенеді.

      Заң жобасын әзірлеудің негізгі мақсаты болып бірінші кезекте, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған, сондай-ақ шалғай жерлерде тұратын қабаттарына ұсынылатын қызметтердің сапалылығын және оның азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында заң қызметін көрсету саласын одан әрі жетілдіру болып табылады.

       

      Сағынбай Бейбітұлы ТҰРҒАРИН,

      Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы 

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __    _____     _  __     ___     __   __  
       \ \\/ //  |  ___||  | |/ //   / _ \\   \ \\/ // 
        \   //   | ||__    | ' //   / //\ \\   \   //  
        / . \\   | ||__    | . \\  |  ___  ||  / . \\  
       /_//\_\\  |_____||  |_|\_\\ |_||  |_|| /_//\_\\ 
       `-`  --`  `-----`   `-` --` `-`   `-`  `-`  --` 
                                                       
      
       
      Наверх