Новости Атырау - Мунайлы Астана

      19 шілде 2018, 11:35
        Қоғам 28.12.2017, 18:17 0 пікір 1418 просмотров

        «НКОК» КОМПАНИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП САЛДЫ

        Атырау, 2017 жылғы 28 желтоқсан: Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы Атырау облысы Береке кентінің тұрғындарына СКӨБК Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар (ӘИЖ) аясында салынған жаңа мектепті тарту етті. Махамбет ауданында жаңа білім беру мекемелерінің пайда болуы - шынымен де көптен күткен айтулы оқиға.

        Махамбет ауданы Береке кентінің мектеп оқушылары үшін жаңа заманауи мектептің пайда болуы үлкен қуаныш болды. Елді мекен қарқынды өсуде, балалар саны көп, сондықтан да оқу орнының ашылуын ата-аналар да асыға күткен-тұғын. Жалпы алғанда НКОК қаражатына оқу сыныптары мен кабинеттері бар 3-қабатты бірнеше блоктан тұратын мектеп қана емес, сонымен қатар автономды жылу қазандығының ғимараты салынды. Мектеп 1,88 га аумағында орналасқан және 250 орынға есептелген, функционалдық құрылымы бойынша шағын жиынтықты орта оқу орны болып табылады. Жаңа мектепте балалар толық 11-жылдық жалпы білім беру жүйесі бойынша оқитын болады.

        Оқу орнының жаңа корпусы қажетті инфрақұрылыммен қамсыздандырылған, ал кабинеттердің басым бөлігі интерактивті тақталармен жабдықталған, компьютерлік сыныптар бар. Физика, биология және химия кабинеттері оқу-зертханалық жабдықтармен қамтылған, көрнекі-әдістемелік және басқа да көптеген құралдар бар. Кең фойе, жарық кабинеттер - бәрі де білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.

        Тұрғызылған нысандарды табыс ету салтанатында Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бөлімінің менеджері Руслан Аубекеров Консорциумның Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде жергілікті қоғамдастықтардың дамуына сүбелі үлес қосқанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, ол Консорциумның жас буын тәрбиесінің жағдайларын жақсартуға ықпал етуге, сонымен қатар өңірдегі білім беру саласын дамытуға өз үлесін қосуға қуанышты екенін атап өтті. «Білім беру, мәдениет және спорт салаларының нысандарына қолдау көрсету біз үшін ерекше маңызды, өйткені бұл жобалар өңірдегі өскелең ұрпақтың аман-саулығына қамқорлық таныту белгісі болып табылады».

        Салтанатты шараға мектеп оқушылары, жергілікті билік пен «НКОК» компаниясының өкілдері қатысты. 

        МА

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         ______     _____    __   _    __   __    _____   
        |      \\  |  ___|| | || | ||  \ \\/ //  / ____|| 
        |  --  //  | ||__   | '--' ||   \ ` //  / //---`' 
        |  --  \\  | ||__   | .--. ||    | ||   \ \\___   
        |______//  |_____|| |_|| |_||    |_||    \_____|| 
        `------`   `-----`  `-`  `-`     `-`'     `----`  
                                                          
        
         
        Наверх