Новости Атырау - Мунайлы Астана

      16 тамыз 2018, 7:10
        Аймақ 02.02.2018, 21:37 0 пікір 1527 просмотров

        2017 жылғы 4 тоқсанда Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарында 200,0 мың адам жұмыстан кетті

        2017 жылғы төртінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 189,5 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 200,0 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 77,4%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 6,8%, басқа себептер бойынша – 15,8% құрайды. 2017 жылғы төртінші тоқсанның соңына ірі және орта кәсіпорындармен ұйымдарда 27,3 мың бос орын мәлімдеген.

        k02-02-2018-1

        2017 жылғы төртінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 6,9%,  жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,3%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 5,7% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 94,8% құрады.


        Статистика комитеті анықтамасы

        Қабылдау бойынша айналым коэффициенті – бұл есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге қабылданғандар санына қатынасы.

        Босатылу бойынша айналым коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкер-лердің тізімдік санына орташа осы кезеңге босатылғандар санына қатынасы.

        Жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге тұрақсыздық себептері бойынша босатылған қызметкерлердің арақатынасымен анықталады. Тұрақсыздық себептеріне еңбек тəртібін бұзуына байланысты жəне өз еріктері бойынша босатылғандар жатады.

        Жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті – босатылған қызметкерлердің санына қабылданған қызметкерлер санының қатынасымен сипатталады, яғни босатылған қызметкерлердің қайта қабылданған кадрлармен ауыстырылуы.

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _____     _____    ______      ___      _  __  
         |__  //   |  ___|| |      \\   / _ \\   | |/ // 
           / //    | ||__   |  --  //  / //\ \\  | ' //  
          / //__   | ||__   |  --  \\ |  ___  || | . \\  
         /_____||  |_____|| |______// |_||  |_|| |_|\_\\ 
         `-----`   `-----`  `------`  `-`   `-`  `-` --` 
                                                         
        
         
        Наверх