Новости Атырау - Мунайлы Астана

      20 мая 2018, 19:34
        PR 19.02.2018, 11:57 0 пікір 1942 просмотров

        ТШО: ширек ғасырдағы мерейлі меже

        Сәуірдің басында 25 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған «Теңізшевройл» компаниясы 2017 жылдағы қызмет қорытындысын  шығарып, отандық мұнай-газ саласындағы көшбасшылық орнын кезекті мәрте дәлелдеп шықты.

        Өткен жылдың қорытындысы бойынша ТШО рекордтық 28,7 млн. тонна мұнайды өндіріп (бұл елімізде өндірілетін бүкіл мұнайдың шамамен 34%-ын құрайды), 1,38 млн тоннаға тарта сұйытылған газды 7,45 млрд текше метр құрғақ газды және 2,49 млн тонна күкіртті өткізді.

        Қазақстан экономикасының дамуы Теңіз жобасына тікелей тәуелді, өйткені ТШО бюджетке тікелей төлемдерді аударумен қатар, отандық кәсіпорындардан тауарлар мен қызметтерді сатып алып, қазақстандық қызметкерлерге жалақы төлеп, өз акционерлеріне дивидендтер төлейді. Ал сол акционерлердің бірі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы болып табылатындығы белгілі. Осылайша 2017 жылы Қазақстан бюджетіне аударылған тікелей төлем 8,5 млрд АҚШ долларын құрады, соның ішінде 2,5 млрд қаржы қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін төлеуге жұмсалды. Жалпы алғанда, білескен кәсіпорын құрылған 1993 жылдың сәуірінен бастап 2017 жылды қоса алғанда, ТШО-ның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 125 млрд АҚШ долларынан асып түсті.

        Теңіз жобасы бірізді түрде кадрларды ұлттандыру саясатын жүзеге асырып келеді. Бірлескен кәсіпорын құрылған кезде 1993 жылы ТШО-дағы қазақстандық қызметкерлердің үлесі 50%-дан аспаған болса, үстіміздегі жылдың басында бұл көрсеткіш 83%-ға жетті.

         «Теңізшевройл» тұрақты даму қағидаларын ұстана отырып, өндіріске ғана емес, сонымен бірге, адам капиталына да инвестиция құяды. Компания қомақты қаржы көлемін Атырау облысының инфрақұрылымын дамытуға және де әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған халық тобына көмектесуге бағыттап отырады. 25 жыл ішінде компания өңірдегі халыққа және өз қызметкерлеріне арналған әлеуметтік жобаларға 1,4 млрд АҚШ долларынан аса инвестиция құйды. «Игілік» атты ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламаның бюджеті 2017 жылы 25 млн АҚШ долларын құрады. Қаржының негізгі бөлігі облыс аумағында балабақшаларды, мектептерді және басқа да әлеуметтік нысандарды салуға бағытталды. Ал өткен жылы компания Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Атырау облысының денсаулық сақтау және білім беру салаларын қолдау үшін 1,06 млн долларға жуық қаржы бөлді.

         

        PR-мақала

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
                     ___       _____   _    _     _____   
          ____      / _ \\    / ___// | || | ||  |__  //  
         |    \\   / //\ \\   \___ \\ | || | ||    / //   
         | [] ||  |  ___  ||  /    // | \\_/ ||   / //__  
         |  __//  |_||  |_|| /____//   \____//   /_____|| 
         |_|`-`   `-`   `-` `-----`     `---`    `-----`  
         `-`                                              
        
         
        Наверх