Новости Атырау - Мунайлы Астана

      17 декабрь 2018, 12:38
        Қоғам 20.02.2018, 22:24 0 пікір 1335 просмотров

        Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлік кеші өтті

        Жұртшылыққа Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлік саласында іске асырылатын қызықты жобаларды таныстыру мақсатында өткен әлеуметтік  кәсіпкерлік кеші дискуссия форматында өтті.

        Іс-шара барысында Атырау қаласы мен Атырау облысының әлеуметтік кәсіпкерлері өздерінің кәсіпорындары туралы ақпараттармен бөлісті. Мәселен, Құлсарыдан келген Эльвира Айтуева инсульт алғандарға арналған «Манан» клиникасы туралы әңгімелеп берді. Дамира Темірханова үй шаруашылығындағы әйелдерге арналған «Inmar» интернет-мамандар академиясы туралы баяндады. Ал пластиктен жасалған тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсібін ашқан Әзілхан Байбатыров кәсіпорынды құру жолындағы тәжірибесімен бөлісті.    

        Кәсәпкерлік тақырыбында өткен кешке Атырау облысы әкімдігінің, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, білім беру мекемелері мен ҮЕҰ  өкілдері,  әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайтын компаниялардың басшылары, әлеуметтік кәсіпкерлік жаттықтырушылары қатысты.   

        I-SEED Атырау жобасының әлеуметтік кәсіпкерлік жаттықтырушысы Бағлан Қалдарбековтың айтуынша,  бұл кеш айтарлықтай пайдалы әрі жемісті болды.

        -        Бүгінде Атырауда көптеген адамдардың әлеуметтік мәселелерге қызығушылық танытатыны мені таң қалдырды. Соның ішінде кәсіпкерлікпен байланысты мәселелер де бар.  Адамдар кәсіпкерлікке байланысты мәселелерге қызығушылық танытып қана қоймайды, олар әлеуметтік мәселелерді шешуге де тырысады, - дейді Бағлан Қалдарбеков.

         I-SEED жобасы  Атырауда 2017 жылғы қазан айында, әлеуметтік кәсіпкерлік жаттықтырушыларына арналған коучинг, тиімді коммуникациялар мен маркетинг бойынша тренингтерден кейін бастау алды. Бүгінде жоба шеңберінде 300-ден астам адам оқудан өтті. 

        Тренингтерден басқа  I-SEED жобасы Атыраудағы әлеуметтік кәсіпкерлік секторының жай-күйі туралы зерттеу жүргізуді; жастардың презентация жасау және жоба басқару дағдыларын дамыту мақсатында олардың арасында әлеуметтік кәсіпкерлік байқауын ұйымдастыруды; Атыраудан шыққан өз ісін енді бастаған әлеуметтік кәсіпкерлердің бизнес пен әлеуметтік даму саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылардан консультациялық қолдау алу мүмкіндігін беретін менторлық бағдарламаны; әлеуметтік кәсіпкерлікті ілгерілету бойынша іс-шараларды, соның ішінде дөңгелек үстел, конференция және оқушыларға арналған фестивальдерді қамтиды.   

        Жоба нәтижесінде қатысушылар өздерінің әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамасын түсінуін жақсартады, кәсіпкерлік және коммуникативтік дағдыларын дамыта алады және кейіннен өздерінің әлеуметтік кәсіпорындарын құра алады деп күтілуде. Сондай-ақ, I-SEED жобасы жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді және жергілікті проблемалардың шешілуіне өздерінің оң үлестерін қосу үшін қажетті дағдылар мен білімдер алуға және өздерінің қауымдастықтарын дамытуға көмектеседі.  

        I-SEED жобасы Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғыртудың, бәсекеге қабілеттілікті дамытудың, прагматизмнің, білімге құштарлықты дәріптеу мен азаматтар санасының ашықтығының маңыздылығы атап көрсетілетін «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басымдықтарына сәйкес әзірленген. I-SEED жобасының бағыты азаматтарды туған өлкені дамытуға және әлеуметтік проблемаларды шешуге тартуға бағытталған «Туған жер» арнайы жобасының міндеттерімен үндеседі. 

         

        Арайлым БАҒЫТЖАНҚЫЗЫ

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
        __    __   _    _     _  _     _____     ______  
        \ \\ / // | || | ||  | \| ||  |  ___||  /_   _// 
         \ \/ //  | || | ||  |  ' ||  | ||__    `-| |,-  
          \  //   | \\_/ ||  | .  ||  | ||__      | ||   
           \//     \____//   |_|\_||  |_____||    |_||   
            `       `---`    `-` -`   `-----`     `-`'   
                                                         
        
         
        Наверх