Новости Атырау - Мунайлы Астана

      17 декабрь 2018, 12:35
        Аймақ 27.02.2018, 2:19 0 пікір 1202 просмотров

        Атырау қаласы көктемгі су тасқынына дайындалуда

        Атырау қаласында Атырау қаласы әкімі-комиссия төрағасы С.К. Шапкеновтің төрағалығымен «2018 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы», «2017 жылдың ветеринариялық жағдайы және 2018 жылдағы мәселелер туралы» екі сұрақ төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша қалалық комиссия отырысында қаралып, өткізілді.

               ТЖ комиссия отырысын комиссия төрағасы ашып, шақырғандарды күн тәртібімен таныстырып, келесі сөзді баяндамашыларға берді.

               Бірінші сұрақ бойынша Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы майор Нұрлан Максотұлы Жаңабаев баяндады. Өз сөз сөйлеуінде Атырау қаласы аумағында көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу және ықтимал шығындарды азайту мақсатында қала әкімімен көктемгі су тасқынына дайындық, қауіпсіз өткізу және ықтимал шығындарды азайту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілгені туралы айтты.  Қала аумағында Жайық өзені бойында 78 666 метр бөгеттер бар. Осы бөгеттердің қауіпті учаскілері анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қауіпін алдын алу және жою бойынша іс-шаралар кешені» Жол картасын әзірлеу аясында, бөгеттердің қауіпті учаскілердің күрделі жөндеу жасауына, жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлуіне ұсыныс берілді. Сонымен қатар,  қосымша дренаж жүйелерінің құрылысы жоспарлануда.

               Сөз сөйлеуінің соңында Нұрлан Мақсотұлы, ағымдағы жылдың 5-6 наурызында Атырау қаласы «Көктем-2018» Республикалық команда-штабтық оқу-жаттығуында қатысатының қатысушыларға хабарлады.

               Екінші сұрақ бойынша Атырау қаласының ветеринария бөлімінің басшысы Нұролла Ғабдижанұлы Сатенов баяндады. Өз баяндамасында қаладағы ветеринарлық жағдай бойынша хабарлады. Қалалық ветеринария бөлімі мен қалалық ветеринария станциясы бірлесіп, қала және елді-мекендердің ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі туралы айтты Нұролла Ғабдижанұлы. Басшы малдың бруцеллез ауруымен ауырғанының статистикасын келтіріп, жалпы осы ауруға 62 бас мал оң нәтиже көрсеткені туралы хабарлап, ветеринарлық заңға сәйкес мал сою цехтары арқылы жойылды. Әрі қарай  сібір жарасына, құтыруға, құс тұмауына, эхинококкозға, туберкулезге қарсы егу бойынша статистиканы келтірді. Сөз сөйлеуінің соңында Нұролла Ғабдижанұлы барлықтарын назарын, қала және қала аумағындағы эпизоотиялық жағдайды жақсарту мақсатында Атырау қаласынан 5 шақырым қашықтықта Сарыөзек елді-мекені аумағынан кешенді мал моласының құрылысын бастау жоспарлануда.

                Баяндамашыларды тындап болғаннан кейін, Атырау қаласы әкімі Серік Жамбылұлы ТЖ бойынша комиссия отырысын қорытындылап, жауапты лауазымдық тұлғаларға қарастырылған сұрақтар бойынша тапсырмалар берді.

        МА

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _  __    ______              _____   __    __  
         | |/ //  /_   _//   ____     |  ___|| \ \\ / // 
         | ' //    -| ||-   |    \\   | ||__    \ \/ //  
         | . \\    _| ||_   | [] ||   | ||__     \  //   
         |_|\_\\  /_____//  |  __//   |_____||    \//    
         `-` --`  `-----`   |_|`-`    `-----`      `     
                            `-`                          
        
         
        Наверх