Новости Атырау - Мунайлы Астана

      17 декабрь 2018, 12:36
        Экономика 12.03.2018, 17:37 0 пікір 1243 просмотров

        2018 жылы Махамбет және Ганюшкин ауылдарының жоспарлау жобасы бекітілмек

        2017 жылы 6 елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеуге бөлінген 88 754 600,00 теңге толық игеріліп, төмендегідей жұмыстар атқарылды:

        10 270 400,00 теңгеге - жұмыстары 2016 жылы басталған                   

        4 ауылдың:  

        - Индер ауданының  Аққала ауылы;

        - Махамбет ауданының Аққайың, Ескі Сарайшық ауылдары;

          -Жылыой ауданының Қарағай ауылының жеңілдетілген бас жоспарлары аяқталды.

        Мақат ауданының Мақат және Доссор кенттерінің бас жоспарларын жасақтауға жоспарланған 78 374 200,00 теңге игерілді, жұмыстардың аяқталу уақыты - 2018 жылдың наурыз айы.  

        Сонымен қатар, 2017 жылғы желтоқсан айында келесі жұмыстар басталды:

        - Атырау облысы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы; Жобалау мерзімі - 24 ай;

        -  Исатай ауданы Зинеден ауылында Каспий теңізінің солтүстік жағалауында демалыс аймағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы; Жобалау мерзімі - 13 ай;

        -  Махамбет ауданы Махамбет ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы; Жобалау мерзімі – 12 ай;

        -  Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылының шығыс (Ескі аэропорт) бөлігіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы; Жобалау мерзімі - 6 ай;

        -  Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылының солтүстік бөлігіне (Жапырық) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы; Жобалау мерзімі - 6 ай;

        -  Құрманғазы ауданы Орлы ауылының оңтүстік бөлігіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы; Жобалау мерзімі - 6 ай.

        Әкімшілік - аумақтық бірлік ұйымдастыру

        Халық бұрыннан қоныстанған Мақат ауданындағы Ескене станциясы нақты әкімшілік аумақтық бірлігіне енгізілмегендіктен, Мақат аудандық өкілетті және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың «Атырау облысы Мақат ауданы Ескене ауылын  құру туралы» бірлескен қаулысы мен шешімімен станцияға ауыл мәртебесі берілді. Қазіргі уақытта құжаттары Статистика комитетіне жолданып, әкімшілік-аумақтық бірлік классификаторына енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

        Атырау облысы сәулет-қала құрылысы кеңесі

             Атырау облысы сәулет-қала құрылысы кеңесі Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №38 қаулысымен құрылды.   2017 жылы 2 сәулет-қала құрылысы кеңесі өткізіліп, 4 елді мекеннің жеңілдетілген  бас жоспарының жобасы қаралып, мақұлданды:

        -  Индер ауданының  Аққала ауылы, 

        -  Махамбет ауданының Аққайың, Ескі Сарайшық ауылдары,

        -  Жылыой ауданының Қарағай ауылының жеңілдетілген бас жоспарлары мақұлданып, аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылды.

        Сонымен қатар, жобалаушы мекемелермен ұсынылған Мақат және Доссор кенттерінің даму бағыты анықталды.

        2018 жылға атқарылатын жұмыстар

        2017 жылы жобалау жұмыстары басталған:

        -  Махамбет ауданы Махамбет ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы;

        -  Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылының шығыс бөлігіне (Ескі аэропорт) және солтүстік бөлігіне (Жапырық) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы;

        -  Орлы ауылының оңтүстік бөлігіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын жасақтау жұмыстары аяқталады.

        Аталған жобалар облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесінде қаралып, кеңес мүшелерімен келісілді.

        Исатай ауданы Зинеден ауылында Каспий теңізінің солтүстік жағалауында демалыс аймағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу және облыс аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу жұмыстары жалғасады.

        Қалалық бюджет есебінен қаланың 2 бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп жатыр:

        1) Талғайран ауылының маңындағы 100 га жерге; Тапсырысшысы -  қалалық құрылыс бөлімі;

        2) Жайық жағалауының сол жағы, Баймұханов көшесі, Еркінов көшесі, Темірханов көшелерін қамтитын 1040 га жер учаскесі; Тапсырысшысы - қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі. 

        Сонымен қатар, 2018 жылы Атырау қаласы Талғайран ауылы маңында аумағы 1300 га болатын жер учаскесіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын жасақтау, Жылыой ауданы Құлсары қаласының орталық бөлігіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын жасақтау, Махамбет ауданының кейбір бөліктеріне және Мақат ауданы Ескене ауылының бас жоспарын жасақтау жұмыстары қолға алынады.

        МА

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _    _      ___     ______    __   __   _    _   
        | || | ||   / _ \\  |      \\  \ \\/ // | || | || 
        | || | ||  | / \ || |  --  //   \ ` //  | || | || 
        | \\_/ ||  | \_/ || |  --  \\    | ||   | \\_/ || 
         \____//    \___//  |______//    |_||    \____//  
          `---`     `---`   `------`     `-`'     `---`   
                                                          
        
         
        Наверх