Новости Атырау - Мунайлы Астана

      26 апреля 2018, 7:05
        Аймақ 03.04.2018, 22:24 0 пікір 559 просмотров

        Атырау облысында ауылдық елді мекендердің 22% ауыз сумен орталықтандырылмаған

        Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ақ бұлақ» бағдарламасы 2011 жылдан бері іске асырылып келеді. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама «2020 жылға дейінгі Өңірлерді  дамыту бағдарламасына» енгізілді. Бағдарламаның оң нәти­желерін көріп отырмыз, осы аралықта 105 сумен қамту нысандарының құрылыстары аяқталып, ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен қам­та­ма­сыз етуге қолжетімділік 78 пайызға дейін ұлғайды. Тасымалды суды пайдаланатын елді мекендер саны азайды. Дәлірек айтсақ, күні бүгінде облыс көлеміндегі 7 аудандағы 164 ауылдық елді мекендердің 128-сі, яғни 78 пайызы орталықтандырылған. 36 елді мекен, яғни 22 пайызы  ауыз сумен орталықтандырылмаған.

               Былтырғы жылы жергілікті бюджет есебінен (1,8 млрд.теңге) 9 нысанның құрылысы іске асырылып, 6 нысанның құрылысы аяқталды. (Жылыой ауданында – Тұрғызба, Қосшағыл с., Махамбет селосы,  Құрманғазы ауданында 9 ауыл – Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек, Сүйіндік, Жалғызапан, Батырбек, Егінқұдық, Жыланды ауылында  су құбыры және Дәшін ауылындағы 1-ші су көтеру сорғы стансасы қосылды).

        Елбасының 2018 жылдың 9  қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауында ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге қарастыруы қажеттігін көрсетіп өтті.                   Осы бағытта жұмыстарды жалғастыра отыра үстіміздегі  жылы                    Исатай ауданындағы Қызыл үй, Жасқайрат ауылдардағы сумен қамту жүйесін жалғастыру үшін, Құрманғазы ауданы  Ганюшкин және Жұмекен ауылындағы Даулеткерей, Көнеу елді мекендеріне сумен қамту жүйесінің құрылысын бастауға қаражат бөлінді.

        Бұдан басқа, 14 шағын елді мекендерге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Соның ішінде, Құрманғазы ауданында 9 елді мекенде (Ақкөл; Алға, Қаракөл, Голбин, Көкарна, Котяевка,  Кудряшов, Асан, Үштаған ауылдары), Индер ауданында 3 елді мекенде Ақтан, Қызылжар, Кетебай ауылдары), Исатай ауданында 1 елді мекен (Амангелді ауылы), Жылыой ауданында – 1 елді мекен (Қарағай ауылы).            

        Жобалау жұмыстары аяқталысымен жоспарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат сұратылып, құрылыстары 2018-2019 жылдары аралығында іске асырылатын болады.

        Алдымыздағы жоспарға Қызылқоға ауданының  магистралдық желіге жақын орналасқан Бүйрек, Айдын, Қосқұлақ және Кенбай елді мекендерін орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Аталған жоспарлы жұмыстарды жүзеге асырақ  2020 жылға дейін облыс елді мекендерін орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткішін 87 пайызға жеткіземіз деп отырмыз, ал бағдарлама шеңберінде республика бойынша орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші 2020 жылға дейін 62 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Біздер бұл көрсеткіштен асып отырғанымызды назарға саламын. Яғни, облыстағы 164 елді мекендегі 143 елді мекен 87 пайызға орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізетін болады.

        Қазіргі таңдағы жазғы уақытта тұрғындарға ауыз судың  өз деңгейінде жетіспеушілігі, яғни кей жерлерде ауыз суды кестемен тасымалдау жағдайлары орын алып отыр. Себебі: жазғы уақыттарда тұрғындар ауыз суды тұрмыстық қажеттіліктерге, бау-бақшаларды суаруға көптеп пайдаланады. Бағдарламамен салынған нысандардың су тасымалдау қуаттылығы тек ауыз суға арналған. Бұл мәселені шешу бағытында 2015 жылдан бастап жазғы су жүйесінің құрылыстарын бастадық.  

        2015-2017 жылдары аралығында Махамбет ауданының 12 елді мекендеріне жазғы су жүйесінің құрылыстары жүргізілді. («Шаттық», «ПМК» мөлтек ауданы, Ортақшыл, Сарайшық, Сартоғай, Ақтоғай, Таңдай, Алмалы, Алға, Бейбарыс, Есбол, Жалғансай, Талдыкөл  ауылы).

        2017 жылы Индер ауданының 7 елді мекеніне жазғы су жүйесі тартылды. (Индербор, Есбол, Өрлік, Жарсуат, Бөдене, Елтай, Көктоғай).

        Құрманғазы ауданының 4 елді мекеніне жазғы су жүйесінің құрылысы үшін жобалау-сметалық  құжаттама әзірленуде           (Ақкөл, Ганюшкин, Котяев, Приморье ауылдары).

        Сонымен қатар, биыл Исатай ауданының 4 елді мекеніне жазғы су жүйесінің құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттамаға қаржы бөлінді (Тұшықұдық, Аққыстау, Жанбай, Ерғалиев ауылдары). Бұл жұмыстар жалғасын тауып, басқа аудандарда да кезең-кезеңімен іске асырылатын болады,- деп хабарлайды Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Игалиев.

        МА

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _____      ___     __   __     ___       _____  
         /  ___||   / _ \\   \ \\/ //   / _ \\    / ___// 
        | // __    | / \ ||   \   //   | / \ ||   \___ \\ 
        | \\_\ ||  | \_/ ||   / . \\   | \_/ ||   /    // 
         \____//    \___//   /_//\_\\   \___//   /____//  
          `---`     `---`    `-`  --`   `---`   `-----`   
                                                          
        
         
        Наверх