Новости Атырау - Мунайлы Астана

      22 шілде 2018, 18:53
        Экономика 03.04.2018, 22:29 0 пікір 1015 просмотров

        Атырау облысындағы ауылдық елді мекендердің 79,2 пайызы көгілдір отынмен қамтылып отыр

        Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде ел халқының әл-ауқатын әрі қарай жақсартуға бағытталған 5 жаңа әлеуметтік бастама жасалды. Оның  Бесінші бастамасында: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» мәселесі алға қойылған. Өңірдің газбен қамту деңгейі  республика бойынша Маңғыстау облысынан кейінгі 2-ші орындағы көрсеткіштердің бірі болып келеді. Яғни, қазіргі таңда облыстағы ауылдық елді мекендердің 130-ы немесе  79,2 пайызы көгілдір отынмен қамтылып отыр. Облыс көлемінде шалғай орналасқан газдандырылмаған 34 елді мекен бар. Ендігі жоспар - шағын елді мекендерді газбен қамту жұмыстары қолға алынды. Соның бірі - Азғыр өңірінің 10 елді мекендерін газдандыру. Осы мақсатта 2 жоба әзірленген болатын: 365 шақырым магистралдық және кентаралық жоғарғы қысымды газ құбыры және 67,6 шақырым селоішілік газ құбыры (Жалпы құны 10,3 млрд.теңге). Құрылыс жұмыстарын әлеуметтік бағдарламалар аясында іске асыру жағынан міндетіне алған «NCOC» компаниясы арқылы 2017 жылдың тамыз айында бастау алды. Күні бүгінге дейін 56 шақырым кентаралық газ құбыры тартылды. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2019 жылға жоспарланған.

        Осымен қатар, Махамбет, Исатай және Қызылқоға аудандарының шағын елді мекендері газбен қамтылатын болады. Ол үшін былтырғы жылдан аталған аудандардағы 13 шағын ауылға жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде (Махамбет ауданында 4 ауыл - Бала Ораз, Атамбаева, Көздіқара, Есмахан, Қызылқоға ауданында  6 ауыл – Тасқұдық, Саркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай, Исатай ауданында 3 ауыл - Амангелді, Қызыл үй, Жасқайрат).

        Сондай-ақ, Махамбет ауданындағы Бала Ораз, Көздіқара, Есмахан ауылдарындағы газ құбыры үшін жобалау жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстарын бастау үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында                        Исатай ауданының Амангелді және Махамбет ауданының Есмахан ауылдарындағы газ құбыры үшін жобалау жұмыстарын аяқтап, құрылысын бастаймыз.

               Бұл жұмыстарды аяқтағаннан кейін, облыс елді мекендерінің көгілдір отынмен қамтылу деңгейі 82,3 пайызға ұлғаяды.

        Ал, Қызыл үй, Жасқайрат, Тасқұдық, Саркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай ауылдарын газбен қамту үшін жобалау құжаттарын биыл аяқтап, құрылыстары жоспарға сәйкес 2019-2020  жылдары аралығында жүргізілетін болады.

               Жалпы алғанда, аталған жобаларды іске асырған жағдайда 2020 жылы облыс елді мекендерінің көгілдір отынмен қамтылу деңгейі 153 елді мекенде 93,3 пайызды құрайтын болады.

        Бұдан басқа, облыс көлемінде халықтың газ тұтынғаны үшін тарифті көтермеу мақсатында, апатты жағдайларды алдын-алу үшін тозығы жеткен болат құбырларды полиэтилен құбырына ауыстыруға және газ тасымалдау қуаттылығын көтеру мақсатында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның ұсынған 9 инвестициялық нысанға жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді. Биыл бұл жұмыстарға да бюджеттен қаржы қаралып отыр, құрылыс жұмыстарын бастаймыз,-дейді Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Игалиев. Олар:

        - «Махамбет - Жалғансай селоларының газ құбырларын қосу құрылысы»;

        - «Елтай-Аққала АГТС газ құбырлары құрылысы»;

        - «Индер-Махамбет газ құбырларынан Индер және Махамбет аудандарындағы елді мекендеріне жүргізілген газ құбырларын бұрып әкелу құрылысы»

        - «Жыланды ауылы - Д.Нұрпейісова ауылы  Кентаралық жоғары қысымды газ құбыры құрылысы»

        - «Ақкөл АГТС - Дашино ауылын  байланыстыратын газ құбыры құрылысы»

        - «Индер кентіндегі Кубашев көшесіне орта қысымды газ құбыры құрылысы»

         - «Құрманғазы көш. Әбілхайырхан даңғылының бұрышы -Еркінқала ауылы  жоғары қысымды газ құбыры құрылысы»

        - «Жайық өзенін өту арқылы Еркінқала ауылы - Дамбы ауылы  байланыстыратын жоғары қысымды газ құбыры құрылысы»

        - ««Бірлік» ГТБП-ны қосумен «Газопроммаш-50» АГТС-нан №1 «Атырау» МГҚБ ИОА ГТС-на дейін жоғары қысымды газ құбырларын қосу құрылысы».

        МА

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _    _      ___      _____     ______     _____  
        | \  / ||   / _ \\   /  ___||  /_   _//   / ___// 
        |  \/  ||  | / \ || | // __     -| ||-    \___ \\ 
        | .  . ||  | \_/ || | \\_\ ||   _| ||_    /    // 
        |_|\/|_||   \___//   \____//   /_____//  /____//  
        `-`  `-`    `---`     `---`    `-----`  `-----`   
                                                          
        
         
        Наверх