Новости Атырау - Мунайлы Астана

      26 сентября 2018, 3:58
        Мұнай 06.04.2018, 16:08 0 пікір 2280 просмотров

        «Теңізшевройл» қазыналы компанияның күміс жолы

        «Теңізшевройл» БК Қазақстандағы шежіресі 1993 жылдың 6 сәуірінен бастау алады. Бұл әлі аяғынан тұрмаған жас тәуелсіз мемлекетке салынған тұңғыш ірі инвестиция болатын. 2017 жылдың ортасында компания тарихи межесінен аттап, 3 миллиард баррель мұнай өндірді.


        Осы күндері көшбасшылықтың күміс жолын жүріп өткен «Теңізшевройл» ЖШС өзінің 25 жылдығын атап өтеді. Ауқымды мерейтой компания қызметіне ғана емес, аймақтың да өміріне үлкен өзгерістер әкелді.  «Шеврон» компаниясы өзінің Қазақстан Үкіметіне берген уәделерінің үдесінен шықты.

        Бүгінде Теңіз бен Королевское кеніштерінен алынатын шикі газдың көлемі бүкіл елде өндіріліп жатқан мұнайдың 34 пайызын құрайды. Компания өзінің алғашқы миллиардына 13 жылдан кейін, яғни 2006 жылы-ақ қол жеткізіп қойған-ды.

                  Екінші миллиардтың межеге жетуге екі есе аз уақыт кетті. Бұл 6 жылдан кейін, 2012 жылы екінші буын зауытының арқасында жүзеге асты. ЗВП 2010 жылы толық қуатпен жұмыс істей бастағанды. 2007 жылы шикі газды жоғары қысыммен жер қойнауына кері айдау зауытының (ЗСГ) құрылысы басталды. Шын мәнінде  бұл екі нысан да әлемде баламасы жоқ қондырғылар еді.

                  Үшінші буын зауыты – 2016 жылы ТШО серіктестерінің «Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын» (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыру туралы ақырғы шешіммен мақұлданды. Бұл 37 миллиард АҚШ доллары – 2016 жылғы мұнай-газ саласына салынған әлемдегі ең ірі инвестиция болды. Жоба Теңіз кенішіндегі жаңа ірі зауытты көтеріп қана қоймай, шикі газды тауарлық сапаға дейін өңдеп, ілеспе газды кері жер қойнауына қайтаруды да қарастырады. Мұнда мұнай-газ саласының ең озық технологиялары пайдаланатындығын баяндап отырудың өзі артық. Жоспар бойынша 2022 жылы ККЖ-ҰЕҚБЖ құрылысы аяқталады.

                  Егер технолологиялық тұрғыдан Үшінші буын зауытының тиімділігі мен өндірістік пайдасын тізбектеп шығатын болсақ, оның алдындағы ЗВП мен ЗСГ нысандарына қарағанда инновациялық жоба. Оның құрал-жабдықтары мен қондырғылары бір ғана данадан және тек Теңіз кенішінің қажеттілігі үшін ғана жасалынады.

                  Қазір ККЖ-ҰЕҚБЖ нысандарында 30 мыңнан астам отандасымыз еңбек етуде. Бұл жобаның жалпы штаттық көлемінің – 92 пайызы. Келешек кеңею жобасы директорының қазақстандық тарабы жағынан орынбасары Айдар Досбаев ТШО-да компаниялардың кең базасы бар екендігін айтады. Яғни бұл сайтқа ТШО-ның талаптары мен өлшемдеріне сай келетін кез келген компания жазыла алады. Базада қазақстандық компаниялардың саны артып келе жатқан көрінеді.

        Тек қана Теңіз жобасы бойынша бұл тізімде 2 мыңнан астам қазақстандық компаниялар бар. Қазірдің өзінде 1400-дей компания  алдын ала квалификациялық іріктеуден өткен. 2022 жылға қарай ККЖ жобасы аяқталғанша бұл тізім тағы 400-дей компаниямен толығады деп күтілуде.  Егер нақты әрекет етіп отырған компаниялар туралы сөз қозғайтын болсақ, тек ККЖ бойынша қазақстандық компаниялармен 500-ден астам келісім-шарт жасалынған. 2010-2017 жылдар аралығында тек ККЖ бойынша қазақстандық қамтуға шоғырландырылған 3 млрд 527 млн қаражат жұмсалған.

                  Жиырма бес жыл бойы Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатқан ТШО үшін екі мәселе аса маңызды. Біріншіден – өндіріс қауіпсіздігі қашанда өзекті болса, екіншіден оның табиғатқа зиянын мүмкіндігінше төмендету.

                  Қоршаған ортаны қорғау – компания үшін бірінші күннен бастап басымдыққа ие. Оның айналасында қаншама құжаттарға қол қойылды. Мәселен ТШО-ның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтың: «Біз Меморандумдарға жәй қол қоя салатын қағаз деп қарамаймыз» дейтін мәлімдемесінің астарында көп мән-мәселе, атқарылып жатқан ересен жұмыстар жатыр. Жұмысты қауіпсіз атқару – ТШО-ның басты құндылығы ғана емес әрі әрбір қызметкердің міндеті.

                  Сол сияқты қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға қатысты Тед Этчисон мырза 2000 жылдан бері мұнай өндірісінің табиғатқа кері әсерін азайтуға бағытталған жобаларға 3 миллиард АҚШ доллары бөлінгенін атады. Осы аралықта өндірілген мұнайдың 1 тоннасына шаққанда ауаға жіберілген шығарындылар 70 пайызға азайған. 2000 жылдан бері газды алауда жағудың жалпы көлемі 99 пайызға азайып, газды кәдеге жарату үлесі 98 пайыздан асып түсті.

                  Не десек те, әлеуметтік жауапкершілікті әріптес болып табылатын әрі ел экономикасындағы ірі салық төлеуші санатындағы ТШО күміс тойына үлкен табыстармен жетті. Қазақстан Үкіметіне берілген уәделер үдесінен шықты. Жиырма бес жылдың ішінде қазақстандық қызметкерлерге төленген жалақы, қазақстандық қамту, отандық тауарлар сатып алу, тарифтер, тағысын тағы.., қысқасы мемлекеттік бюджетке бағытталған қаражат көлемі 8,5 миллиард АҚШ долларынан асты. 1993–2017 жылдар аралығындағы компанияның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 125 миллиард болды.

        PR-мақала

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          ______   __   __   ______    __   __    _____   
         /_   _//  \ \\/ // |      \\  \ \\/ //  /  ___|| 
         `-| |,-    \ ` //  |  --  //   \ ` //  | // __   
           | ||      | ||   |  --  \\    | ||   | \\_\ || 
           |_||      |_||   |______//    |_||    \____//  
           `-`'      `-`'   `------`     `-`'     `---`   
                                                          
        
         
        Наверх