Новости Атырау - Мунайлы Астана

      20 ноябрь 2018, 5:05
        Аймақ 18.04.2018, 0:46 1 пікір 7604 просмотров

        Атырауда ұлттық ойындар сайысы болып өтті

        Қаланың да, даланың да баласы ұлттық ойындарға ден қоя бастады. Оған дәлел ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Атырау облысы Дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық ойындар сайысы» атты шарасы.

               Шараның мақсаты: тұрғындарды спортқа бейімдеу, діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық спорт құндылықтарды кеңінен түсіндіру, жат діни ағымдардан сақтандыру, экстремизмге қарсы күрестің негізгі жолы мен терроризмнің алдын алу.

                Ұлттық ойындар сайысына Атырау ойыншысы, жеті дүркін чемпион, БЖСМ-1 бапкері  Құрманбай Ашетов, "ЕЛСАНА" руханият клубының жетекшісі Нұржан Ермұханов, Шапағат «ҚҚ» қызметкерлері мен теологтары, БАҚ өкілдері қатысты. 

                Шараның ашылу салтанатында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы ҚҚ директоры М.Турлыбеков сөз алып, ерлер жамағаты мен тұрғындардан құралған ойыншыларға сәттілік тіледі.Алғашқы жарыс «Қол күресу» ойынынан бастау алды. Сенбілік әсерлі күні өткізілген шарада «Тоғызқұмалақ», «Қол күресі», «Арқан тартыс», «Жүгіруден жарыс» ойындары өткізіліп, Атырау облысы Дін істері басқармасы мен «Шапағат» ҚҚ  «Алғыс хаты» табысталып, ақшалай және бағалы сыйлықпен марапатталды. 

        Топ-топқа бөлініп, арқан тартысқан, қол күрестіріп, білекті жігіттердің күшін бағалап, жүгіруден белсенділік танытқан аудан тұрғындарының жетістігін жетелеген, тоғызқұмалақты тағы да жандандырған әрбір тұрғындар өздерінің бақтарын әділ сынап, көтеріңкі көңіл күймен қуаныштарын бөлісті. Салауатты өмір салтын ұстанған әрбір жамағаты спорттың қай түрінен болса да қара жаяу еместігін аңғартып, көңіл қуантарлық нәтижелер көрсетті.

        Қала жұртшылығын татулыққа шақырып, ұлттық дәстүрлі ойындарымызды  ұлықтап, бірлікке бастаған шара елдігіміздің ынтымағын арттырып, рухани қолдауға ие болған мәдени мереке Қазақ ұрпағының ұлттық мұраға ұқыпты екендігін байқатты.

         

        МА

        Пікірлер

          • Isabelle Philippart
          • 17.09.2018

          Решение ваших финансовых трудностей.
          Привет,

          Я предлагаю кредиты всем, от 1000 евро до 5 000 000 евро при фиксированной годовой процентной ставке 3% за весь период кредитования от 1 до 30 лет, с простыми условиями и доступный для всех. Я также делаю инвестиции, и все переводы предоставляются банком для обеспечения транзакции. Укажите сумму, которую вы хотите, и срок погашения. Если вы заинтересованы, свяжитесь со мной прямо на моем электронном письме, чтобы узнать мои условия.

          e-mail: phisabelle02@gmail.com
          Whatsapp: +33756825296

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
                    ______               ___      ____    
            ___    /_   _//     ___     / _ \\   |  _ \\  
           /   ||   -| ||-     /   ||  / //\ \\  | |_| || 
          | [] ||   _| ||_    | [] || |  ___  || | .  //  
           \__ ||  /_____//    \__ || |_||  |_|| |_|\_\\  
            -|_||  `-----`      -|_|| `-`   `-`  `-` --`  
             `-`                 `-`                      
        
         
        Наверх