Новости Атырау - Мунайлы Астана

      20 мая 2018, 19:57
        Экономика 19.04.2018, 22:41 0 пікір 886 просмотров

        Атырауда импорт өнімдерінің 45% талаптарға сай емес екендігі анықталды

        Ағымдағы жылдың наурыз айында мониторинг шеңберінде сатылу сатысында 26 нысаннан шет елдерден әкелінетің 99, оның ішінде 69 сүт және сүт өнімдері, 30 құс және құс өнімдер сынамасы сатып алынып, Кеден Одағының техникалық регламенттер талаптарының сәйкестігіне сараптамаланды.

        Сараптама нәтижесінде сатып алынған өнімнің 45% (41 сынама) Кеден Одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздігі анықталды.

        Сәйкессіз 41 өнімнің 23-і сүт өнімі, 17-і құс өнімі болып келеді. Сәйкессіз өнімнің ең үлкен пайызы 90% немесе 37 өнім Ресейде, 2-і Франция, 1-ден Беларусь және Корея елдерінде өндірілген өнім.

        Сәйкес келмейтін өнімдердің негізгі үлесің 61% (25 сынама) таңбалануға қойылатың талаптардың бұзушылығы құрайды. Көбінесе сүт және сүт өнімдерінің (ірімшік, сүзбе, қаймақ, йогурт және т.б.), құс және құс өнімдерінің (шұжық өнімдері, тартылған ет, жартылай дайын өнімдер) таңбалануында мемлекеттік тілде мәлімет жоқтығы, өнімнің мөлшері, өндірілген мерзімдері көрсетілмегендігі анықталды.

        Сонымен қатар, жүргізілген сараптама нәтижесінде қауіпті өнім анықталды. Бактериологиялық ластанған өнім өндірушілері:

        1. Ресейлік «Ставропольский бройлер» ЖАҚ («Благояр» мұздатылған балапан бройлері окорочкасы);
        2.  «Белгранкорм» ЖШҚ («Ясные зори» табиги мұздатылған бройлер балапанының сирағы, мұздатылған тазаланған бройлер балапанының тұтас еті);
        3. «СПК Курников» ЖШҚ («Натуральный» тартылған құс еті);
        4. «Токаревская птицефабрика» ААҚ («Благояр» мұздатылған бройлер балапанының қанаты);
        5. «Курочкино» ет өндеу кәсіпорны («Достойный выбор» тартылған құс еті);
        6. «Саратовский птицекомбинат «Курников» ЖШҚ («Премиум» құс етінен жартылай дайын өнім );
        7. «Брянский бройлер» ЖШҚ (1 сортты бройлер балапанының тұтас еті, бройлер балапанының терісімен сирағы);
        8. «Мираторг Запад» ЖШҚ (классикалық тауық нагетстері);
        9.  Беларустік   «Смолевичи Бройлер» ААҚ (бройлер балапанының филесі).

        9 сынама физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша,  3 өнім май- қышқыл құрамы бойынша сәйкес емес болды.

        Анықталған сәйкессіздіктерді жою мақсатында сала мамандарымен 5 жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылып, 15 бұзушылықтарды жою туралы  нұсқама дайындалды.

        Күні бүгін, тексеріс нәтижесінде 697 450 тг. мөлшерінде 3 айыппұл салынып, 66,7 кг. қауіпті өнім саттықтан алынып, жойылды.

        Атырау облысының қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті тұтынушыларды әр өнімді таңдағанда мұқият болуға және өнім таңдағанда келесі ең басты талаптарды білуге кеңес береді:

        -             өнімнің таңбалануына назар аудару – онда ең бастысы өнімнің құрамы көрсетілуі тиіс, себебі кейбір қоспалар адам денсаулығының нашарлауына себепші болуы мүмкін (мысалы:аллергия), өнімнің, өндірушінің атауы және орналасқан жері, өндірілген мерзімі, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, т.б.;

        -             тағам өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс: сәйкестік декларациясы, ветеринарлық сертификат немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.

        Жоғарыда аталған талаптардың бұзушылығын, өнімдердің сақталу, тасымалдау ережелерінің бұзылғаны анықталған жағдайда жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарлауыңызға болады.

        Сонымен қатар, халықты ақпараттандыру мақсатында, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ресми сайтында, өнім қауіпсіздігі мониторингін жүргізілуіне орай  жанартылатын, қауіпсіздік және сапа көрсеткіштер талаптарына сәйкес емес өнім тізбесі жарияланатының хабарлайды, Атырау облысы ҚДСД техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Шайхимова Анар Ибрагимовна.

        МА

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _  _     _____     _____     ______   __   _   
         | \| ||  |  ___||  |__  //   /_   _// | || | || 
         |  ' ||  | ||__      / //     -| ||-  | '--' || 
         | .  ||  | ||__     / //__    _| ||_  | .--. || 
         |_|\_||  |_____||  /_____||  /_____// |_|| |_|| 
         `-` -`   `-----`   `-----`   `-----`  `-`  `-`  
                                                         
        
         
        Наверх