Новости Атырау - Мунайлы Астана

      20 ноябрь 2018, 5:05
        Қоғам 20.06.2018, 12:11 0 пікір 4006 просмотров

        Атыраудағы әлеуметтік кәсіпкерлер «Шеврон» компаниясынан өз бизнесін бастауға грант алды

        14 маусым күні Атырауда «Стартаптар шайқасы» - өз ісін енді бастаған әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған конкурс өтті. Оның жеңімпаздары «Шеврон» компаниясынан өзінің әлеуметтік бизнесін бастауға 3000 доллар грант алды. Конкурс British Council (Британдық Кеңес) ұйымы «Шеврон» компаниясымен әріптестікте іске асырып отырған «I-SEED: Әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының шеңберінде өткізілді.


        «Стартаптар шайқасы» конкурсы «I-SEED Атырау» жобасына қатысатын, өзінің әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіпорнын ашуды жоспарлап отырған 16 мен 29 жас аралығындағы жастар үшін ұйымдастырылды. Конкурс қарсаңында қатысушылар өз бизнес-жоспарын әзірлеу және іске асыру үшін қажетті машықтарды дамытуға арналған  бизнес-жоспарлау, жоба менеджменті, қаржы, маркетинг пен питчинг (инвестор табу мақсатында жобаны таныстыру) бойынша тренингілерден өтті. Жобаға қатысушылар сондай-ақ қызмет етіп отырған бизнесмендермен жұмыс істеді, олар ісін енді бастаған кәсіпкерлерге тәлімгер болып, оларға жобаларын әзірлеу мен іске қосу жағынан көмектесті. «Стартаптар шайқасы» конкурсы «I-SEED Атырау» жобасына қатысушыларға өздері оқып-үйренген барлық дағдыларды іс жүзінде қолдануға және өз жобаларын әлеуетті серіктестер мен инвесторлар алдында таныстыру тәжірибесін алуға мүмкіндік берді.

        British Council директоры Джим Буттеридің айтуынша: ««Стартаптардың шайқасы» сияқты бастамалар жастарды қоғамдағы әлеуметтік проблемалар туралы ойлауға және бизнес пен әлеуметтік кәсіпкерлік олардың шешімін табуға көмектесе алатынына ынталандырады. «Стартаптардың шайқасына» дайындық барысында қатысушылар бизнес-жоспармен жұмыс жасауда практикалық дағдыларды дамытты және бүгінгі ұсынған идеялар міндетті түрде болашақта жүзеге асырылатын болады деген үміттеміз».

        Конкурсқа дайындық кезінде «Стартаптар шайқасына» қатысушылар 10 командаға бөлініп, олардың әрқайсысы жеке жобаны ұсынды. Қазылар алқасының құрамында «Шеврон» компаниясының,  Британдық Кеңестің, «Даму» Қорының Атырау облысы бойынша АФ және Атырау облысы әкімдігінің өкілдері болды. Қатысушылардың жобалары төрт критерий бойынша бағаланды, олар: презентацияның сапасы; бизнес-модельдің өміршеңдігі; жаңа бизнес құру жолымен шешілетін әлеуметтік проблеманың өзектілігі; жобаның іске қосылуға дайындығы.

        «Стартаптар шайқасы» конкурсының өткізілуін ұйымдастырып отырған «I-SEED Атырау» жобасы 2017 жылдан бері табысты мансап құру және белсенді азаматтық позициясын дамыту үшін қажетті білімі мен машықтарын дамыту жағынан жас адамдарға қолдау көрсету мақсатымен іске асырылып отыр. Жоба туралы толығырақ мәліметті https://www.britishcouncil.kz/kk/i-seed сайтынан білуге болады.

        «I-SEED Атырау» жобасының менеджері Арсен КАМБАЛОВ берген ақпаратқа сай, «Стартаптар шайқасында» 10 команданың арасында 3 жоба үздік танылып, қаржылай грантқа ие болды. Олар: Сиражиддин Дузильбаевтың былғары өнімдер дайындайтын «Luciano»     жобасы және   Ержан Нурединовтың энергиядан қуат алатын «Ақылды ағаш» жобасы, сондай-ақ Мақсат Хобдабаев пен Марлен Сәкеновтың заманауи технологияларлы пайдалана отырып саңырауқұлақ өсіруге бағытталған «Mushroom Farm» жобасы. Міне, осы 3 жеңімпаз 3000 АҚШ доллары көлемінде грант жеңіп алды. Тағы 3 жоба 18 маусым мен 28 маусым аралығында www.britishcouncil.org сайтында өтетін онлайн дауысқа салынды. Нәтижесі 30 маусым күні «I-SEED Атырау» жобасының жылдық қорытынды шарасында жарияланады.

         

        Арайлым Нугманова

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _    _     _____      _____    _____     ____    
        | || | ||  |  ___||   / ___//  |  ___||  |  _ \\  
        | || | ||  | ||__     \___ \\  | ||__    | |_| || 
        | \\_/ ||  | ||__     /    //  | ||__    | .  //  
         \____//   |_____||  /____//   |_____||  |_|\_\\  
          `---`    `-----`  `-----`    `-----`   `-` --`  
                                                          
        
         
        Наверх