Новости Атырау - Мунайлы Астана

      20 ноябрь 2018, 5:08
        PR 04.07.2018, 22:41 1 пікір 66754 просмотров

        Бала еңбегін қанау

        Бала еңбегі мәселесі бүкіл әлемде, оның ішінде дамушы елдерде де орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Жас мөлшеріне сай емес ауыр еңбекке әдетте тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе жастайынан жетім қалған балалар араласады.

        Негізінен, әрбір тұлға 18 жасқа толғаннан бастап еңбекке қабілетті болып саналады. Еңбек кодексі бойынша жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас – 16 жас. Дегенмен 15 - ке толған азаматтар орта білім беру мекемелерінде білім алған жағдайда, ата - ананың бірінің, қамқоршы адамның немесе асырап алушының жазбаша келісімімен еңбек келісім - шартын жасау арқылы жұмыс істей алады.

        Қоғамда мынадай мысалдар да бар: ата-ана баланы дүниеге әкеледі. Одан ол бала өсе келе ата-ана оған шектен тыс міндеттемелерді арта бастайды. Оған қоса, бала әкесінен не анасынан өзінің қажеттіліктеріне ақша сұраса, «ақша жоқ!» деген жауапты естиді. Бұл арқылы баланың санасында мынадай түсінік қалыптасады: «ата-анам қаражаттан таршылық көруде, оларды қинамайын, өзім жұмыс істеп, ақша тауып, өз қажеттіліктеріме жұмсайын». Мұнымен қоймай, ата-ана өздері күні-түні жұмыс жасап, шаршағанын 18 жасқа толмаған баласына айтып, оны да «үйге кіріс әкелмейсің бе?» немесе «қашан адам боласың?» деген ауыр сөздерімен баланы жұмыс жасауға итермелейді. Бұл жағдаят барлық отбасыда бірдей емес әрине, бірақ жиі кездесетіні сөзсіз. Біріншіден, бұл әке-шешенің заңнан хабарсыз екендігін көрсетеді. Ал екіншіден, бұл әке мен ананың баламен қарым-қатынасында психология тұрғысынан түсінігінің жоқтығы және ата-ана ретіндегі білімінің таяздығынан өз міндеттерінің не екенін білмеуі деп есептеймін. Мұның арты баланың күн-түн демей көшеде жүруіне, оның үстіне әр түрлі зиянды әрекеттірді иемденіп алуына әкеп соқтырады.

        Жоғарыда айтылып өткен себептердің нәтижесінде жұмыс істеуге мәжбүр болған бала «бала еңбегін қанау» деген ұғымға тап болады. Бұл қайдан шығады? Бұл дегеніміз қара жұмыс атқарып, өз нәпақасын тапқысы келген «бала сауатсыздығы» деп білемін, яғни жұмыс берушілердің  жасөспірімнің еңбек ақысын қанау.

        Балалар еңбегі мәселесі ортаға салып, талқылап, бір айтқаннан шешілетін мәселе емес. Кәмелет жасқа толмаған баланың жұмыс істеп кетуін болдырмас үшін, алдымен, барлығын ата-анадан бастау қажет. Ашып айтқанда, әке мен анаға заң бойынша және ата-ананың міндеттері тұрғысынан түсінік жұмыстары жүргізіліп, психологиялық сабақтар өткізілуі тиіс деп санаймын. Сол арқылы бала да ата-ана қамқорлығын көріп, ешбір қиындықсыз, таршылықсыз еркін, әрі білімді болып ер жетеді.  Бұл мәселені біз шеше алатын тағы бір тұсы – Үкіметіміздің жұмысқа жарамды ересек халқын жұмыспен қамтуды алға жылжыту, халықтың өмірлік деңгейін жақсарту, табысын арттыруға септігімізді тигізу. Бұл шешім арқылы ерте жастан жұмысқа жегілген балалар статистикасының төмендеуіне әкеле аламыз деп ойлаймын.

        Балаларымыздың сабақ оқудың орнына санасына салмақ, беліне ауырлық түсіруінен сақтайық!

         

                                                                   Малика Такежанова,

        Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, журналистика мамандығының 2 курс студенті

         

        Пікірлер

          • Isabelle Philippart
          • 17.09.2018

          Решение ваших финансовых трудностей.
          Привет,

          Я предлагаю кредиты всем, от 1000 евро до 5 000 000 евро при фиксированной годовой процентной ставке 3% за весь период кредитования от 1 до 30 лет, с простыми условиями и доступный для всех. Я также делаю инвестиции, и все переводы предоставляются банком для обеспечения транзакции. Укажите сумму, которую вы хотите, и срок погашения. Если вы заинтересованы, свяжитесь со мной прямо на моем электронном письме, чтобы узнать мои условия.

          e-mail: phisabelle02@gmail.com
          Whatsapp: +33756825296

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          _  __    _____    __   __   _    _    ______   
         | |/ //  |  ___||  \ \\/ // | || | || |      \\ 
         | ' //   | ||__     \   //  | || | || |  --  // 
         | . \\   | ||__     / . \\  | \\_/ || |  --  \\ 
         |_|\_\\  |_____||  /_//\_\\  \____//  |______// 
         `-` --`  `-----`   `-`  --`   `---`   `------`  
                                                         
        
         
        Наверх