Новости Атырау - Мунайлы Астана

      13 ноябрь 2018, 5:35
        Авто 30.10.2018, 22:08 0 пікір 751 просмотров

        БҚО-да шетелде тіркелген 72 көлік иесі айыппұлдан жалтарған

        БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, анықталған  көліктер жүргізушілерінің мойнында 651,801 мың теңге айыппұл бар болып шықты. Бүгінде олар толық көлемде өндірілді.  

        «Полиция департаменті 26 қазан күні «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешенін жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Бұл иелері жол-көлік ережесін бұзған немесе әкімшілік айыппұлды төлемей жүрген,  Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шет мемлекеттерде тіркелген автокөліктерді де анықтауға мүмкіндік береді. Аз уақыттың ішінде шетелде тіркелген осыншама көлік ұсталып, айыппұлдар өндірілді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне БҚО Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік практика бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы, полиция капитаны Олжас Ибрайымов. Айта кетейік, жыл басынан бері «Автоураганның» көмегімен иелері 32 млн 411, 950 мың теңге қарыз болған 615 көлік анықталды.


        inform.kz

         

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          ______   __   __             _    _    _    _   
         /_   _//  \ \\/ //   ____    | || | || | || | || 
         `-| |,-    \ ` //   |    \\  | || | || | || | || 
           | ||      | ||    | [] ||  | \\_/ || | \\_/ || 
           |_||      |_||    |  __//   \____//   \____//  
           `-`'      `-`'    |_|`-`     `---`     `---`   
                             `-`                          
        
         
        Наверх