Новости Атырау - Мунайлы Астана

      22 января 2019, 3:19
        Қоғам 13.11.2018, 20:04 0 пікір 2243 просмотров

        Атырауда «Жастар театры» актерлары жалпы режимдегі түзету мекемесінде өнер көрсетті

        Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі  департаментіне қарасты УГ-157/9 (ерлер колониясы) түзету мекемесіне Махамбет Өтемісұлы қазақ драма театр жанынан құрылған «жастар театры» актерларымен өнер көрсетуге келді.

        Атқарылған іс – шара Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шапағат» деструктивтік діни  ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының мамандарымен бірлесе отырып өткізілді.

        Талантты жастардан құралған актерлармен «Халықаралық  діни алауыздықты Қазақстанда жою» тақырыбында  қойылым өтті.

        Мұндай іс-шараларды өткізу жазасын өтеушілердің жан дүниесін рухани-моральдық тұрғыдан тәрбиелеуге септігін тигізеді. Өте таң-тамаша адам жанына ой салатын көрініс болды, сотталғандарда бір рухани сезіммен қол соғып қошеметтеп отырды.

        Шараның соңында мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Ж.Жұмашев және Атырау Облыстық Дін істер басқармасының басшысы Қ. Көшқалиев өнер ұжымына алғыс айтып, шығармашылық табыс, өмір және кәсіби өнер жолына сәттілік тіледі.

        Әділет кіші лейтенанты  

        Еркебұлан Аманиязов.

         

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
                     ___     _    _     _____    _    _   
          ____      / _ \\  | || | ||  |  ___|| | |  | || 
         |    \\   / //\ \\ | || | ||  | ||__   | |/\| || 
         | [] ||  |  ___  ||| \\_/ ||  | ||__   |  /\  || 
         |  __//  |_||  |_|| \____//   |_____|| |_// \_|| 
         |_|`-`   `-`   `-`   `---`    `-----`  `-`   `-` 
         `-`                                              
        
         
        Наверх