Новости Атырау - Мунайлы Астана

      23 шілде 2019, 20:33
        Қоғам 14.12.2018, 13:15 0 пікір 8283 просмотров

        Атырауда жастарға арналған екінші бизнес-фестиваль өтті

        Атырауда, 8 желтоқсанда British Council (Британдық Кеңес) «Шеврон» компаниясымен және Атырау облыстық әкімдігімен серіктестікте ұйымдастыратын «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасы шеңберінде Атырау мұнай және газ университетінде жастарға арналған жыл сайынғы екінші «Самғау» бизнес-фестивалі өтті. Алғашқы фестиваль 2017 жылы өткен болатын және 300-ге тарта қатысушы болды.

        «Самғау» фестивалінің мақсаты – мектеп оқушылары мен студенттердің арасында кәсіпкерлікті насихаттау және олардың кәсіпкерлік машықтарын жаттықтырып, тартымды әрі қызғылықты түрде дамытуына мүмкіндік беру.  Фестивальде қонақтар түрлі жүлделі конкурстар мен ұтыс ойындарына қатысып, үстел ойындары мен бизнес-ойындарды ойнап, бизнес жүргізудің сан алуан қырлары туралы табысты кәсіпкерлердің әңгімесін тыңдады.

        Атырау мұнай және газ университетінің стратегиялық даму жөніндегі проректоры Ербол Темірғалиұлы Нұрпейісов атап өткендей: ««Самғау» фестивалі – оқушылар үшін бизнес-ахуалға бойлап, білім, пікір және идеялар, сондай-ақ практикалық дағдылар алу және алмасуға мүмкіндік береді. Осындай іс-шаралар және «I-SEED Атырау» жобасы жастардың қаржылық сауаттылығын және әлеуметтік белсенділігін жоғарылатады, сондай-ақ бизнес-идеяларды қалыптастырады, өскелең ұрпақтың көшбасылық қасиеттерін дамытуға көмектеседі».

        «Самғау» бизнес-фестивалінің өткізілуіне негіз болған «I-SEED Атырау» жобасы – жастардың табысты мансап құруы және белсенді азаматтық ұстанымын дамытуы үшін қажетті білімі мен машықтарын жетілдіруде қолдау көрсету мақсатында 2017 жылдан бастап іске асырылуда. Бұдан бұрын I-SEED Алматы және Астана қалаларында 2013 жылдан бастап бес жыл бойы сәтті жүзеге асырылды.

        "Шеврон" компаниясы жергілікті таланттың дамуына және жастарға қолдау көрсетуге көп көңіл бөледі. I-SEED бағдарламасын жүзеге асырудың бес жылында біз оның табысты болғанын мақтанышпен айта аламыз. Осы жылдары бағдарламаға 3000-нан астам жастар қатысты, 17 шағын бизнес басталды, оның 10-ы әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында. Біз Атыраудағы жоба да табысты болады деп үміттенеміз", - дейді "Шеврон" компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Кошпанова.

        I-SEED жобасының бағыты Мемлекет Басшысының "Рухани Жаңғыру" бағдарламалық мақаласында ерешке аталған қоғамдық сананы жаңғырту, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді дамыту, азаматтардың білімі мен санасының ашықтығын дәріптеу, сондай-ақ азаматтарды туған өлкенің дамуына тарту және әлеуметтік мәселелерді шешу маңыздылығы сынды басымдылықтармен үндеседі.

        МА

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
          ____      ______   _____      _____   __    __  
         |  _ \\   /_   _// |  __ \\   |  ___|| \ \\ / // 
         | |_| ||   -| ||-  | |  \ ||  | ||__    \ \/ //  
         | .  //    _| ||_  | |__/ ||  | ||__     \  //   
         |_|\_\\   /_____// |_____//   |_____||    \//    
         `-` --`   `-----`   -----`    `-----`      `     
                                                          
        
         
        Наверх