Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 21:22
      Қоғам 11.09.2013, 16:53 0 пікір 1223 просмотров

      «Континентальдің» көздегені не?

      Кезінде Алматы қаласындағы «Сан сити» туристік фирмасының тұтынушыларды алдау арқылы уысына түсіргенін айтып жұрт бір шулап басылған еді. Жәбір көргендерге ҚР Жоғарғы Соты  ақшасын қайтарып қана қоймай, моральдық шығынын өндіріп берген болатын. Енді «CA Continental» туристік фирмасының атақты «Сан ситидің» аймақтарда ашылған  филиалы екені әлеуметтік желілерде ашық айтылып жатыр. Тіпті, мұны  фирма қызметкерлері де мойындаған. Сонда «Континенталь» қызметкерлерінің жұмыс істеу тәсілі қандай? Олардың өздеріне ғана аян құпиялары бар көрінеді. Алдымен тұтынушылар міндетті түрде ерлі – зайыпты болуы шарт. Сосын кеңсе ішінде  3 сағат жүргізілген «әңгімеден» кейін жұбайлар шетелге сапарлау үшін қажетті құжаттарға қол қойғанын сезбей де қалады. Осылайша «аспандағы айды әперетіндерге» алданып,  сан соғып қалғандар және ақшасын қалай қайтарудың жолдарын сұрағандар арамызда баршылық екен. Осыдан екі айдай бұрын Маңғыстау облысынан фирманың шақыртуымен арнайы  Атырау қаласына 7 отбасының келгенін естіген едік. Кездесудің немен аяқталғанын білу мақсатында көрші облыс тұрғындарымен телефон арқылы хабарластық. Аманбек есімді жігіт ағасы (есімі өзгертілді) : - «Континетальдан» ұялы телефонымызға ірі ұтыс ұтқанымызды айтқан хабарлама келген болатын. Осындай хабарлама алған 7 отбасы біреуіміз поезбен, енді біреулеріміз ұшақпен Атырауға жеттік. Оңаша бөлмеде даңғыратып әуен қосып қойып, жұмысымыз бен табысымыз туралы  сұрақтар қоя бастады. Осыдан-ақ сезіктене бастадық. Тіпті, ұтысымыз туралы сөз болған жоқ. Тоқ етері шетелге саяхатқа шығуға ұсыныс айтты. Ақшасы бар адамдар онсызда шетелге бара алады ғой.  Біз уақытымыздың бос кеткеніне, жолға шығынданғанымызға өкіндік. Тиісті орындарға арызданып, қудалауға болар еді. Бірақ, қызметкерлері жастар екен. Соларды аядық. Мүмкін оларды да алдап ұстап отырған шығар,- дейді. Бір қызығы, мұндай туристік фирма Ақтау қаласында да болған екен. Қазір ізі де жоқ. Егер де туристік фирмалар дәл осындай іс әрекеттермен адам санасын улайтын болса, оның қылмысқа жатпайтыны ақылға симайды. Әйтпесе, тиісті құқық қорғау орындары бұл  жайында білмеуі мүмкін емес қой. 


      Күйеуімнің қарқылдап күлгені сонша, жынданып кеткен шығар деп ойладым. Бізге бір нәрсе әсер еткен сияқты. Ғимараттың ішін шолып шыққанымда, қалың тұман басқандай айналадан ештеңе көрінбеді. Қойылған әуен де біртүрлі.

      P.S Қойылған талап үдесінен шыға алмағандықтан бізге аталған фирманың жұмысын көзбе - көз көруге мүмкіндік болмады. Сондықтан ғаламторда жарияланған тұрғындар пікіріне сүйендік. Не десек те, адамдардың теріс пиғылдылардың алдауына тез түсетінін байқау қиын емес. Түскен күннің өзінде оны ашық айтып жатқан ешкім жоқ. Осыны білетін туристік фирма қызметкерлері әсіресе, Атырау әуежайы мен ірі сауда орталықтарын торуылдап жүр. Демек, олардың қақпанына түспес үшін аса сақтық қажет. Ал, емін - еркін жұмысын жүргізіп жатқан «СА Континентальдың» үстінен «ешқандай арыз - шағым түскен жоқ»,- деп хабарлады облыстық прокуратура.

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    ______   _    _      ___     _    _   
       /_   _//  /_   _// | || | ||   / _ \\  | || | || 
       `-| |,-    -| ||-  | || | ||  / //\ \\ | || | || 
         | ||     _| ||_  | \\_/ || |  ___  ||| \\_/ || 
         |_||    /_____//  \____//  |_||  |_|| \____//  
         `-`'    `-----`    `---`   `-`   `-`   `---`   
                                                        
      
       
      Наверх