Новости Атырау - Мунайлы Астана

    17 октябрь 2017, 21:07
      Экономика 02.10.2013, 18:07 0 пікір 1936 просмотров

      «ТҰЛПАР-ТАЛЬГОДА» ТҰРАҚ ЖОҚ

      Бұл пойыз екі аралыққа төрт күнде бір қатынайды. Бұл жа-йында пойыз бастығы Жанна АЛТАЕВАДАН сұрап білгенбіз. Ол: - «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы Атыраудан-Астанаға дейін 22 сағат жүреді. Сондай-ақ бұл пойыздың атына заты сай екендігін айтып өткім келеді. Жолаушыларымызға барлық жағдай жасалған. Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 22-сі жолаушылар вагоны, 2-і «Гранд» санатты (екі орындық люкс), 2-і «Бизнес» санатты (екі орындық) және «Турист» санатты (төрт орындық) 18 жолаушы вагоны, сондай-ақ 3 техникалық, 1 вагон-бар мен 1 мейрамхана вагоны. «Гранд» санатты вагонда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бір купе қарастырылған. Вагондар «Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамының техникалық-ресурсын жаңарту және арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында сатып алынған. Келесі жылға дейін тағы 420 жолаушылар вагоны сатып алынады, -деді. Осыдан-ақ қаршадай қыздың өз жұмысының қыр-сырын жақсы білетіндігі байқалды.  «Кімнің арбасында отырсаң, сол адамның әнін айтасың» деп айтпақшы, сол адамдардың әнін бірге қосылып айтып көрелік. Шындығында, жолсеріктердің барлығы жастардан құралған. Қай тілде тілдескіңіз келсе, сол тілде толық жауап алуға болатындығын байқадық. Десек те, кемшілігін тілге тиек етуді мақсат етпедік. Алайда сөздің атасын өлтірмес үшін айту керек шығар, біздің көңілге қаяу түсіргені - аталған пойыздың ішінің тарлығы. Қазақша айтқанда, айналымға келмейді екен. Сонымен қатар жүрдек пойызы болып аталғандықтан шығар, басқа пойыздардай кез келген жерге тұрақтамайды. Тұратын тұрағы жоқ, бірақ араға 5-6 сағат салып, белгіленген жерлеріне ғана табан тірейді. Егер көңіліңіздің хошы осы аталған пойызда болса, әрине, мінуден бас тартыңыз деп отырғанымыз жоқ. «Біздің ой сіздің оймен бірікпейді» демекші, бұл пойыз жайында жолаушылардың ойы - бір басқа.  - Қазіргі заман талабына сай жасақталған пойыздар екен. Мініп көріп отырмыз. Өзімізге қатты ұнады. Жаныңа керектінің барлығы қамтылған. Ыңғайлы. Жолсеріктерінің барлығы жастар екен. Қазіргі таңда жастарымыз жұмыссыз жүргенде бұлар өздеріне қажетті білімдерін алып, сол білімдеріне сай қызмет атқарып жүргендері көңілге қуаныш ұялатады, -дейді бізбен тілдескен жолаушылар бірауыздан. Сондай-ақ қаперлеріңізге беріп қоялық, бүгінгі таңда «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жүрдек пойыздар 5 маршрут бойынша жүреді. 2001-2003 жылдардан бастап «Алматы-Астана» бағытындағы №1/2, «Алматы-Шымкент» бағытындағы №25/26 пойыздары, 2012 жылдан бас-тап «Алматы-2 - Петропавл» бағытындағы №151/152 пойызы, «Ақтөбе-Астана» бағытындағы №88/87 пойызы қатынайды. Биылғы жылдың маусым айынан бастап, «Алматы-2 - Атырау» бағытындағы №77/78 жүрдек по-йызы жолаушылар тасымалдаумен айналысуда. 

      «КАСПИЙ» ПОЙЫЗЫНДАҒЫ КӨПШІЛІК

      «Каспий» пойызы да - көпші-ліктің қалауынан шыққан жолаушыларды тасымалдайтын пойыздың бірі де бірегейі. Бұл пойыздың Астана мен Атырау арасына екі күнге тақау жүретіндігі болмаса, басқалай түкте кем-шілігі жоқ. Себебі, мұнда барлық жағдай жасалған. Тіс пастасы мен щеткасы, қол сүлгісі, керек десеңіз, аяқ киім тазалағышына дейін бар. Көзіміз көрді, көңіл толды. Қасымыздағы сапарлас болған жолаушылардың да айтары - осы. – «Каспий» пойызы - өзіміздің жақсы көретін «шайтан арбамыз». Қай жерге баратын болсақ та, билетті осы пойызға аламыз. Жолсеріктері де тәжірбиелі мамандар. Іші мұнтаздай таза. Уақытында жүреді, уақытымен тоқтайды. Біз секілді жолаушыларға осы пойызды ыңғайлы деп білеміз, -дейді 5-ші вагонның жолаушылары. Жолаушылардың аты-жөндерін атауды құп көрмедік. Себебі, барлығының да ойы осыған саятын болғандықтан. Бірақ «Тұлпар-Тальго» пойызына қарағанда «Каспий» пойызында жолаушылар тіптен көп болды. Себебі, билет бағасына байланысты болуы мүмкін деп топшыладық. Жоғары да аталған жүрдек пойызының билет құны 13-16 мың теңге болса, «Каспийдікі» сегіз мыңға таяу тұрады екен. Сонда жолаушы қалтасының да көп қағылмайтындығын аңғаруға болады. Ұзын сөздің қысқасы «Тұлпар-Тальго» уақытты үнемдесе, «Кас-пий» қаражатты үнемдейді. Осыдан-ақ, көңіл қалауыңыз білсін, оқырман.

      Асан ҚАСАН Атырау-Астана-Атырау   

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      ______     ___     __   _   
      | |  | ||   / _ \\   /_____//   / _ \\  | || | || 
      | |/\| ||  / //\ \\  `____ `   | / \ || | '--' || 
      |  /\  || |  ___  || /___//    | \_/ || | .--. || 
      |_// \_|| |_||  |_|| `__ `      \___//  |_|| |_|| 
      `-`   `-` `-`   `-`  /_//       `---`   `-`  `-`  
                           `-`                          
      
       
      Наверх