Новости Атырау - Мунайлы Астана

    18 октябрь 2017, 11:27
      Аймақ 02.10.2013, 18:23 3 пікір 1371 просмотров

      Еленбей қалған ерекше адам

      Бұл жағдай барлық қарттарға ортақ. Сонда да Атыраудағы жалғызбасты қариялардың жағдайын білгіміз келіп, қалалық халықты жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар бөліміне бардық. Әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне жүгініп отырған 186 зейнеткердің тізімінен Меңдігерей ХАЙРУЛЛИНДІ көзіміз шалды. Атырау топырағынан алғаш шыққан спорт шеберінің халін сұрап, Азаттық даңғылы 68»в» үйдегі пәтеріне келдік. Есік ашқан Маруся әже емен - жарқын қарсы алды. Бірақ қос жанарынан айырылған Меңдігерей қарттың қазіргі жағдайы көңіл құлазытатындай екен. Онсызда денсаулығы сыр беріп жүрген кемпіріне сүйеніп, қалт-құлт еткен атаның аядай екі бөлме ішінде жүріп - тұруының өзі мұң болып тұр. Әңгімесін бастағаннан-ақ, көңілінде алаң барын байқамау мүмкін емес еді. 30 жылдан астам өмірін өңірдегі спорттың дамуына арнап, сол жолда ерен еңбек еткен спортшы білектен күш, бойдан қуат кеткен кезде пәтер іздеп сабылатынын ойламаған шығар. 74-ті еңсерген ол «қартайғанда ешкімге керексіз болып қалдым»,-деп мұңаяды.  Әңгіме барысында өткен өмірін ой елегінен бір өткізіп алды. - Исатай ауданында өмірге келіп, Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетін бітірдім. 1962-1967 жылдары облыстық ауыл-село жастар спорт қоғамында нұсқаушы, кейін бөлім меңгерушісі болдым. 1967-1987 жылдары облыстық іріленген спорт қоғамының құрылуына байланысты осы қоғамның төрағасы қызметіне дейін көтерілдім. Жастайымнан грек-рим күресімен айналысып, КСРО спорт шебері атандым. Республикалық дәрежедегі төреші деген атағым да бар. Ол уақыт отбасыңа қарайламай, тек қызмет деп жүретін кезең еді. Әлі есімде, Хельсинкиде өткен XV олимпиада ойындарына Қазақстаннан екі адам ғана барып едік. Кейінірек Монако, Греция, Польша  елдеріне спорттық делегацияны бастап бардық.  Шетелдерді көп араладым. Сөйтіп жүріп, Атырауда спорт саласын дамытуға, жас-тарды көптеп тартуға күш салдық. Оның бер жағында халықты еңбекпен қамту және қорғау басқармасында біраз жыл еңбек еттім. Алайда атақ-даңқтың бәрі өткен жылдар еншісінде  қалып қойды. Ол кезде дүние-мүлік жинау ойда болмаған. Қасіретін енді тартып жатырмыз. Оның үстіне жалғыз ұлым 1992 жылы өмірден озып кеткеннен бері кемпіріміз екеуміз жалғызбасты қарттардың қатарын толтырып отырмыз. Собездің қыздарына ренішіміз жоқ. Көмектесіп тұрады. Бірақ зейнетақымыз аз. Коммуналдық төлемдерді толық төлейміз. Ауырамыз, сырқаймыз  дегендей... Бұрындары мереке сайын ат ізін салып тұратын мекемелер соңғы 3 жыл бедерінде оны да қойды. Халімізді сұрап, жылы сөйлегендерге марқайып қалатын едік. Тек, жалғыз тұяқ  - анасымен бірге кеткен немерем анда – санда келіп тұрады. Бір жағынан соның қамын ойлағаннан шығар, жайлы пәтерді әлі сұрап келемін,- деген қария қандай әңгіме айтса да, пәтер мәселесіне қайта айналып соға берді. Сұрастыра келсек, ұзақ жылдар бойы созылып келе жатқан пәтер жайының өз хикаясы бар екен.

      Иманғали берген үй бұйырмады

      «Иманғали Тасмағанбетов облысымызға әкім болып тұрғанда маған үй бөлу туралы тапсырма берді,- деп еске алады қарт спортшы. - Бірақ сол кездегі ТКШ-ның бастығы оның заңсыз екендігін айтыпты әкімге. Мына тағдырдың ісіне қарамайсыз ба, ертеңіне Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің (ТКШ) бастығын және мені өзіне шақыртқан Иманғалимен кездесу бұйырмады. Ол сол күні Үкімет басшысы болып тағайындалып кетті.  Кейін Түгелбаевтың кезінде де маған үй бөлу туралы әңгіме қозғалғанда да, мәселе шешімін таппады. Сонда ТКШ бастығының айтатын дәлелі немеремді қазір тұрып жатқан үйіме заңсыз тіркеппін. Оның неліктен заңсыз екенін түсіне алмай, дал болдық. Ал уақыт болса зымырап өтіп жатыр. Енді 1-ші топтағы мүгедектігіме байланысты соқырлар қоғамы арқылы үй кезегіне тұрдым. Басқа амалым қалмады. 90-шы жылдардан бері үй сұрап жүрген мен қазір 44-ші болып тұр екенмін. Мұны сол бөлімнің  қазіргі мамандары хабарлап отыр. Өйткені олар 47 жыл тұрған үйімді алып, орнына басқа үй береміз деп арыз жаздырып алған болатын. Мұндай бағдарламаның барын енді біліп жатырмыз. Не болса да, аяғына дейін барамын,- дейді күйінген Меңдігерей қарт. 


      P.S.  Бүкіл саналы ғұмырында бел жазбай еңбек еткен спортшының бүгінгі жағдайы шынымен де алаңдатарлық. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген халық емеспіз бе? Ендеше сол қазыналы қарттарымыздың баянды ғұмыр сүруіне неге жағдай жасамасқа?! Оның үстіне соңғы жылдары осы саланы дамытуға баса назар аударылып, қомақты қаржыға  түрлі спорттық алаңдар салынып жатыр. Осы істің басы-қасында жүрген басшылар сала ардагерлерін ескерусіз қалдырмаса нұр үстіне нұр болмас па?

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

        • fsXNH6oZN
        • 29.10.2016

        None can doubt the verciaty of this article.

        • ExJFaNAK3RsO
        • 04.11.2016

        More posts of this <a href="http://waeklrb.com">quaytil.</a> Not the usual c***, please

        • DS0rkMCeGhe
        • 04.11.2016

        Exeelmrty helpful article, please write more. http://rmxyij.com [url=http://jkehff.com]jkehff[/url] [link=http://aybfrv.com]aybfrv[/link]

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   _      ___      _  __     ___    __    __  
      | || | ||   / _ \\   | |/ //   / _ \\  \ \\ / // 
      | '--' ||  / //\ \\  | ' //   / //\ \\  \ \/ //  
      | .--. || |  ___  || | . \\  |  ___  ||  \  //   
      |_|| |_|| |_||  |_|| |_|\_\\ |_||  |_||   \//    
      `-`  `-`  `-`   `-`  `-` --` `-`   `-`     `     
                                                       
      
       
      Наверх