Новости Атырау - Мунайлы Астана

    22 октябрь 2017, 17:42
      Қоғам 09.10.2013, 17:42 0 пікір 2560 просмотров

      Терроризм тамырын жаймасын десек...

      Бүгінде экстремизм мен терроризм бүкіл дүние жүзі елдеріне қауіп төндіріп, «бас ауруына» айналып тұр. Саяси күрестің стратегиялық құралына айналып отырған террорлық әрекеттер әр елде ылаң салуда. Әсіресе, көптеген адам шығынына әкелген Таяу Шығыс оқиғалары қол қусырып қарап отырмауға бірден – бір себеп. Яғни  бұл жағдай лаңкестікке қарсы күресудің тиімді әдістерін табуды талап етеді. Бұл бағытта БҰҰ-ның терроризммен күрес жөніндегі 14 халықаралық конвенциясына біріккен Қазақстан қазір ТМД мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының антитеррорлық құрылымы шеңберінде де белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жоғарыда аталған лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі шара  Атырау өңірінде жайдан-жай өткізіліп отырған жоқ. Себебі, діни ахуал әлі өткір тұр. Бүгінгі күнге дейін құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше экстремистік және террористік құқық бұзушы топтар құрықталды, кейбір мүшелерінің көзі жойылды. Құрықталған қылмыскерлерге қатысты тиісті сот шешімдері шықты. Сот процестері әлі де  жалғасуда.  Мұны басқосуға арнайы келген ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей КРАВЧЕНКО  жоққа шығармайды. Ол БАҚ тілшілеріне берген сұхбатында:- Лаңкестердің үнемі жаңа әдістерді пайдаланып отыратынын, біздің құқық қорғау орындарының, мамандарымыздың  қалай жұмыс істейтінін біліп отыратынын білуіміз керек. Сондықтан қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз олардың алдын алуымыз қажет. 2005 жылы Бас прокуратураның ұсынысымен түрлі қылмыстық топтардың қаржыландырылу жолдарын бақылап оты-ратын қаржы мониторингінің комитеті құрылған болатын. Бүгінде осы құзырлы орынның жұмысы арқасында толық ақпарат алып отырмыз. Қазіргі уақытта қылмыстық топтар көп көлемде қаржыландырылады деген қауіп жоқ. Бірақ террорлық әрекет сипатындағы қылмыстық істер қозғалып жатыр. Маған күніне аталған комитеттен 5 іс келіп түседі,-деді.Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат ЖАРАСОВТЫҢ айтуынша, елімізде терроризмге қарсы құқықтық база жасақталған. Дегенмен, ең түйткілді мәселе лаңкестіктің алдын алу шараларын күшейту керек. Қазір жергілікті жерлерде құрамында облыс басшылары бар комиссия құрылып жұмыс істеуде. Сол комиссия халықпен, оның ішінде жастармен жұмыс жүргізуі қажет. Алайда әлеуметтік-экономикалық мәселелер, әсіресе, ауылдық жерлердегі жұмыссыздық діни негіздегі саяси және әлеуметтік наразылықтарды тудыруы мүмкін. Сондықтан жастарды жұмыспен қамтып, жағдай жасау керек. Сонда ғана олар радикалды ұйымдардан аулақ болады.Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде  Атырау облысында 39 діни бірлестіктер жұмыс жасауда. Оның 28 - исламдық, 3 – православтық, 2 – католиктік және 6 - протестанттық бағытта. Сондай-ақ 50-дің үстінде түрлі ұлт өкілдері тұрады. Жер асты байлығын игеретін шетелдік инвесторлар көп шоғырланған. Республика көлемінде тіркелген жоғары жалақы үшін келетін еңбек мигранттарының ағынымен түрлі діни ағымдардың өкілдері де келуде. Ел ішінде дәстүрлі емес дінге бағытталған топтар санының өсуіне осы жағдай ықпал етуде. Осыған байланысты семинар барысында «АстанаЦентр Консалтинг» қоғамдық қорының директоры А.ДУГАНОВА қатысушыларға мемлекетіміздің зайырлығы, конфессиялық – мемлекеттік қатынастар үлгісі мен дін ұстану мен діни бостандықты жүзеге асырудың тәжірибелік мәселелері туралы интерактивтік сессия өткізсе, ҚР ҰҚК ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ж.ЖҮКЕШОВА экстремистік, террористік топқа кіруге бейім адамның әлеуметтік - психологиялық бет-бейнесі туралы мағлұмат берді.Семинарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар радикалды діни ойлардың қалыптасуының алдын алу үшін дәстүрлі құндылықтарды енгізу, халықтың діни сауаттылығын арттыру, оның ішінде жастар арасында үлкен деңгейде теологтардың қатысуымен діни талаптарды түсіндіру бо-йынша науқан ұйымдастырудың  қажеттігін бірауыздан мақұлдап тарасты.


      P.S. Лаңкестік тақырыбында әлеуметтік желілерден халықтың пікірін білгіміз келген. Барлығының ойы бір жерден шықты. Жалпы, лаңкестіктік оқиғалармен күрескеннен гөрі оның себеп-салдарымен күрескен тиімді. Ол үшін таным-түйсікті мектептен қалыптастыру керек. Сайып келгенде кім-кімде еліміздің тыныштығы үшін терроризмнің түп-тамырымен жойылғанын қалайды. Ол үшін қоғам болып күресу уақыт талабы болып отыр.

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ 

      Фото Рахым Қойлыбаевтыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __   __   __              ______   _    _   
       \ \\/ //  \ \\/ //     ___    /_   _// | |  | || 
        \   //    \ ` //     /   ||   -| ||-  | |/\| || 
        / . \\     | ||     | [] ||   _| ||_  |  /\  || 
       /_//\_\\    |_||      \__ ||  /_____// |_// \_|| 
       `-`  --`    `-`'       -|_||  `-----`  `-`   `-` 
                               `-`                      
      
       
      Наверх