Новости Атырау - Мунайлы Астана

      20 наурыз 2019, 12:03
        Аймақ 06.11.2013, 16:39 0 пікір 1900 просмотров

        НАРЫН ҚҰМЫНДАҒЫ НАНЫМДЫ ІС

        Айталық, ауданның жалпы экономикасы мұнай өндірісі мен ауыл шаруашылығына негізделген.  Бұл аймақтағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 104,9 миллиард  теңге болса, нақты көлем индексі 100,6 пайызды құрап отыр. Аудан аумағында Жайық мұнай-газ өндіру басқармасынан басқа Тәуелсіздік жылдарында пайда болған бірнеше шағын мұнай компаниялары жұмыс жасайды. Жылына орта есеппен алғанда 1 миллион тоннадан астам мұнай өндіріледі. Биылғы 9 айда аудан бойынша 907,4 мың тонна мұнай, 18,2 миллион текше метр ілеспе газ өндіру қамтамасыз етілді. Жалпы ауданда мұнай өндірісі саласында 1500  адам жұмыс атқарады. Бүгінгі күннің өзінде индустриялық – инновациялық даму саясатына байланысты бастамалар көрініс табуда. Бұл аймақ «ПотенциалОйл» ЖШС америкалық «САТ» фирмасынан шыққан екі газ генераторы қондырғысын іске қосып, ілеспе газдан электр энергиясын алуға, сөйтіп  баламалы қуат көзін пайдалануға көшті. Сонымен қатар Жайық мұнай-газ өндіру басқармасы құны 1,4 миллиард теңгені құрайтын «Кен  орындарында газды дайындау мен тасымалдауды кеңейту» жобасы бойынша зауыт құрылысын тұрғызып, іске қосу үшін жұмыстануда. - Жергілікті кәсіпкерлерге мұнай кәсіпорындарының осы бағасы арзан газ бен  электр энергиясын пайдаланып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және жылыжай цехтарын ашу жөнінде ұсыныс жасаудамыз. Аудан аумағында «Каспий тұрбақұбырлары консорциумы» АҚ-ның тапсырысымен «КазСтройСервис» компаниясы мұнай айдау станциясы құрылысын бастауда. Ол 2015 жылы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Аққыстау селосы мен Салтанат Балғымбаев атындағы Кен орнына дейінгі аралықтағы жолды күрделі жөндеу қолға алынды, -деді өз баяндамасында Нұрлыбек Ожаев. 

        АЖАРЛАНАТЫН АУЫЛДАР

        Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ қолдауымен Тұщықұдық селосы мен Хамит Ерғалиев ауылында селоішілік жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары басталып кеткендігі жөнінде баршасы хабардар. Аудан орталығы Аққыстау селосында 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысын салу үшін жобалау – сметалық құжаттары жасақталып, оның құрылысын бастауға қаражат бөлінген. - Ағымдағы жылдың 9 айында аудан бойынша негізгі капиталға 14 млрд. 387 миллион теңге инвес-тиция салынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 130 пайызға артық болып отыр. Сондай-ақ, аудан орталығы - Аққыстау селосының бас жоспарын жасауға қаражат бөлініп, қазір мердігер мекемемен жұмысы аяқталуда. Сонымен қатар, жеке сектордағы тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Жыл басынан бері 9,6 мың шаршы метр, яғни 75 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, аудан бойынша  тұрғындарды таза ауыз сумен қамту 97 пайызды құрап отыр, -деді Нұрлыбек Ожаев. Аудан әкімінің сөзіне сенсек, Тұщықұдық, Хамит, Нарын, Исатай ауылдарында қарашаға қажетті барлық жұмыстар жасалып, ауыл ажарлану үстінде деп сендірді. Ауданда 9 айлық бюджетті игеру жоспары 97,8 пайызға орындалған. Қаржы секторын шағын және орта бизнеске несие беруге қарқындату – уақыт талабы десек, 9 айда несие институттары арқылы кәсіпкерлерге 565,6 миллион теңге көлемінде қаражат берілген. 

        Асан ҚАСАН Сурет автордыкі

        Пікірлер

        Пікір қосу

        ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

         
        Введите пять букв размещенных внизу:
         _    _    _    _      _____    ______    ____    
        | |  | || | || | ||   / ___//  /_   _//  |  _ \\  
        | |/\| || | || | ||   \___ \\   -| ||-   | |_| || 
        |  /\  || | \\_/ ||   /    //   _| ||_   | .  //  
        |_// \_||  \____//   /____//   /_____//  |_|\_\\  
        `-`   `-`   `---`   `-----`    `-----`   `-` --`  
                                                          
        
         
        Наверх